№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Медиацияның маңызы – татуластыруда

Медиацияның маңызы – татуластыруда

Бүгінде аудандық сотта көлік жүргізушілеріне қатысты істің қатары көп артты. Былтыр жол апаты жиілеп, Жаңақорған ауданы адам шығыны жағынан облыста ең алдыңғы орынға шыққан. Бүкіл ел көлемінде апат азаяр емес. Сондықтан биылдан бастап темір тұлпарын масаң күйде басқарған немесе тәртіп бұзған жүргізушілерге байланысты жаза қатаңдатылды. Дегенмен кейбір заң бұзушылықтар жәбірленуші тараптан кешірім берілгендіктен, іс сотқа жетпей, медиация тәртібімен шешіліп жатады. Кезекті брифинг барысында аудандық соттың судьясы Исағали Тұңғышбаев осындай мән-жайлар бойынша сұхбат берді.
Сотталушы Т есімді азаматқа қатысты ҚР  Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен қаралған қылмыстық іске талдау жасай келе: 
– Істің мән-жайына келсек, сотталушы автокөлігін кенттегі екінші деңгейдегі жол бағытында басқарып келе жатып, басты жолда келе жатқан автокөлікке жол бермей соғып кетеді. Осының салдарынан басты жолдағы көлік жол жиегінде тұрған екі автокөлікке соғып, сол маңда ойнап жүрген З есімді жасөспірімді қағып кеткен. Кәмелет жасына толмаған жәбірленуші орта дәрежелі дене жарақатын алған. Басты сот талқылауында сотталушы мен жәбірленуші өзара келісіп, татуласты, – деді судья.
Белгілі болынғандай, сотталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындаған. Аудандық соттың қаулысымен ҚР ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігімен қылмыстық теріс қылық жасаған соталушы келтірілген залалды қалпына келтіруіне байланысты 68-баптың 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған. Қылмыстық іс тоқтатылған.
– Шыны керек, қазір көлікті масаң күйде айдап, тәртіп бұзатындар саны артты. Былтыр көлік жүргізушілердің кесірінен қаншама тағдыр қыршынынан қиылды. Енді мұндай тәртіп бұзғандарға заң тегеуріні қатал, – деп ескертті сот судьясы.
Таратып айтсақ, 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес жүргізушілердің көлік құралын алкогольді, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйде басқарғаны үшін қолданылатын жаза күшейтілді.
Бұрын көлік құралын алкогольді масаң күйде басқарған адамға тек үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылса, қазіргі өзгерістерге сәйкес 15 тәулік әкімшілік қамаққа алуға және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. Ал дәл осы әрекетті жасап, жәбірленушінің мүлкін бүлдіру немесе денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтірген жағдайда 20 тәулік әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айрылуы мүмкін.
Ұсақ-түйек кикілжіңдер, өзара түсініспеушіліктерге медиация көмектесе алады. Көлік тізгінін ұстап, тәртіпке бағынбағандар медиация арқылы кешірім алып, жазадан құтылса да қайта ереже бұзып, тұтылып жататын жағдайлар да кездеседі. Әсіресе көлікті ішімдік ішіп айдайтындардың тәртіпті көп бұзатыны белгілі. Заңға бағынбайтындардың қатарында жастардың жиілеуі алаңдатады. Сондықтан ата-аналар балаларына бақылау жасап, үнемі ескертіп отырғаны жөн. Әрине үйдегі тәрбие бір бөлек, бірақ жасты бұзатын көбіне ортасы екенін де ұмытпайық. Осыған қатаң қадағалау керек. 
Әли ТЕМІРБЕК

23 ақпан 2020 ж. 599 0