№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді


Жаңақорған аудандық сотында өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысуымен брифинг өткізілді.
Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының судьясы И.У.Тунгышбаев сотталушы Т-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігімен қаралған қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша сұхбат берді.
Істің мән-жайына сәйкес, сотталушы Т. автокөлігін Жаңақорған кентіндегі екінші деңгейдегі жолда басқарып келе жатып, басты жолда келе жатқан автокөлікке жол бермей соғып, осының салдарынан басты жолдағы автокөлік жол жиегінде тұрған екі автокөлікті соғып, сол жерде ойнап жүрген кәмелет жасына  толмаған З-ны қағып кеткен.  Орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан жәбірленуші З. «орта» дәрежелі  дене жарақатын алған.
Басты сот талқылауында сотталушы Т. өзіне тағылған айыпты толық мойындап, қазіргі кезде жәбірленушінің заңды өкілі Т-мен медиация тәртібімен татуласып, келтірілген залалды толық өтегенін, ол өзіне  кешірім бергенін көрсеткен.
Жәбірленушінің заңды өкілі Т- де сотталушымен медиация тәртібімен татуласуына байланысты оны жауаптылықтан босатып, істі тоқтатуды сұраған.
Аудандық соттың қаулысымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігімен қылмыстық теріс қылық жасаған сотталушы Т.   жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласып, келтірілген залалды қалпына келтіруіне  байланысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып,  қылмыстық іс тоқтатылған.
Брифинг соңында БАҚ тілшісі қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша сауалдар қойып, оларға нақты жауаптар алды.

Ақпарат:Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
19 ақпан 2020 ж. 676 0