№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысуымен брифинг өткізілді.
Брифинг барысында Жаңақорған аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Ә.Б.Түбекбаева сотталушы Ж., қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен, ҚК-нің 191-бабының 1-бөлігімен қаралған қылмыстық іс бойынша сұхбат берді.
Істің мән-жайына сәйкес, сотталушы Ж., 2018-жылдың қыркүйек айының 4-күні  Жаңақорған кенті Сығанақ көшесінің бойында орналасқан «Серікбол» дүкеніне спирттік ішімдік сатып алу үшін кіріп, дүкеннің сатушысы  жәбірленуші Ж., құны 70000 теңге тұратын «LG K 7» үлгісіндегі ұялы телефонын жасырын жымқырып, ұрлап оқиға орнынан бой тасалаған.  Өзінің бұл қылмыстық әрекетімен сотталушы Ж., жәбірленуші  Ж.,70000  теңге мүліктік шығын келтірген.
Одан әрі сотталушы Ж., 2018 жылдың 19 қарашасы күні Жаңақорған кенті «Нұр» базарындағы шайханаға келіп сатушы К., «Samsung Duos» үлгісіндегі ұялы телефонын сөйлесу үшін деп сұрап алып, өзінің қылмыстық әрекетін білдірмес үшін оның қолына жұмыс істемейтін өзінің «Nokia» үлгісіндегі ұялы телефонынқалдырып, жәбірленушінің телефонын алып оқиға орнынан қашып кеткен. Осылайша жәбірленуші  К.,  5000теңге мүліктік шығын келтірген.
Сотта қарау барысында, сотталушы Ж., өзіне тағылған айыбын толық мойындап, енді мұндай жағдай қайталанбайтынын, қазіргі кезде жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласқанын,  оларға келтірілген залалды өтегенін көрсетті.
Аудандық соттың қаулысымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен, ҚК-нің 191-бабының 1-бөлігімен сотталушы Ж., жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласып, келтірілген зиянды қалпына келтіруіне  байланысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып,  қылмыстық іс тоқтатылды.
Брифинг соңында баспасөз өкілі өз тарапынан қылмыстық іс бойынша және «Медиация» заңының іс барысында қолданылу тәртібі жөнінде  сауалдарын қойып, жауаптарын  алды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
25 ақпан 2019 ж. 934 0