Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді
Жаңақорған аудандық сотында өңірлік «Жаңақорған тынысы» аудандық газетінің тілшісі А. Жарықбаевтың қатысуымен брифинг өткізілді.
Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.О.Қосанов сотталушы А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 бабының 4 бөлігімен, 297 бабының 1бөлігімен қаралған қылмыстық ісі бойынша сұхбат берді.
Істің мән-жайына сәйкес, сотталушы А.-ның жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, Жаңақорған кентінде орналасқан «Жаңақорған шипажайы» АҚ-ның артқы жағында азамат Қ.-ға 14 000 теңгеге газетке оралып салынған есірткі затын заңсыз өткізгені анықталды.
Жаңақорған аудандық ІІБ-нің тұрғын үй-жайға тінту жүргізу туралы қаулы негізінде сотталушы А.-ның тұрғын үйіне тінту жүргізілген. Нәтижесінде, аталған тұрғын үйден қапқа салынған және тұрғын үйдің ауласындағы сарай ішінен газет қиындысына оралған жасыл түсті шөп табылып, аса ірі мөлшерде есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтағаны анықталды.
Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 бабының 4-бөлігімен және 297 бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 58 бабының 3 бөлігінің негізінде, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы, түпкілікті оның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікір 7