№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді



Жаңақорған аудандық сотында өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысуымен брифинг өткізілді.
Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының судьясы И.У.Тұңғышбаев сотталушы А. қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 378-бабының 2-тармағымен қаралған қылмыстық ісі бойынша сұхбат берді.
Істің мән-жайына сәйкес, сотталушы А. қылмыстық теріс қылықтар туралы 2019 жылдың 24 қаңтар күні сағат 00:50 шамасында Жаңақорған кенті, Ипподром көшесі бойында  көпшілік көзінше Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары, полиция аға лейтенанты О және Д., өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде жария түрде боқтап, балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, қорлаған
Сотта сотталушы А., Жаңақорған кенті, А.Иманов көшесі бойында орналасқан Орталық автовокзал ішіндегі кафеден жолдас баласы Р., бірге шығып, өзінің басқаруындағы «Ваз-2107» үлгісіндегі автокөлікті басқарып келе жатып, көше бойында орналасқан «ҚазПошта» мекемесінің қасындағы жол көрсеткіш бағананы жанамалап соғып өтіп, шамамен 60-70 метр жүріп барып тоқтап, автокөліктен түсіп соғып кеткен бағдаршам бағанасының қасына барып, құрал сайманы жоқ болғандықтан ертеңіне қалпына келтіремін деген оймен кетіп қалып, шамамен 15-20 минуттай уақыт өткен соң, ақ түсті «Газель» үлгісіндегі полиция қызметкерлерінің автокөлігімен келіп «Сіз «ҚазПошта» мекемесінің алдындағы бағдаршамды соғып кеттіңіз» дегенін, полиция қызметкерлері «Газель» автокөлігіне апарып күштеп кіргізгенін, сол кезде өзі мас болғанын, мастықтың салдарынан қарсыласқанын, боқтап, балағат сөздерін айтқанын мойындайтынын, ол үшін өкінетінін және кешірім сұрайтынын көрсетті.
Сотта жәбірленушілер О және Д., қызмет атқаруына байланысты, көпшіліктің көзінше сотталушы А. ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, абыройына нұқсан келтіргенін, балағаттау оқиғасына жол патрульдік полиция тобының инспекторлары Н., М., А., куә екенін, сотталушыға кешірім бермейтінін көрсетіп, заң жүзінде шара көруді сұрады.
Аудандық соттың үкімімен сотталушы А., Қазақстан Республикасы ҚК-нің 378-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 АЕК мөлшерінде   50 500 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.
Брифинг соңында БАҚ тілшісі қылмыстық  теріс қылық туралы іс бойынша сауалдар қойып, оларға нақты жауаптар алды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
29 шілде 2019 ж. 566 0