№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан мақтанышына айналған колледж

Аудан мақтанышына айналған колледж

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласынд: «Әрбір адам, соның ішінде, әсіресе, жастар белгілі бір кәсіптік саладан өз болашағын көргісі келетіндігін мойындау қажет. Бұл – өте қалыпты жағдай. Өйткені адам өзінің қайда бет алғандығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш-жігермен ұмтылады» деп атап көрсеткен болатын.
 Яғни, Елбасы келешек дуалды кәсіби білім берудің маңызына баса назар аударды. Расымен де бүгінгідей гуманитарлық бағытта дипломы бар бірақ жұмыссыз жүрген жастармен салыстырғанда, кәсіптік білімді меңгерген мамандарға сұраныс жоғары екенін жасырмау керек. Алайда кәсіптің де заманға тұтынушы талғамына, қоғам қажеттілігіне сай түрлері бар. Кәсіптік білім беруді жолға қойған оқу орындары үшін осы межеден шыға білу басты мақсат. Нақтырақ айтқанда, қоғамдағы өзекті мәселенің біріне айналған жұмыссыздықты жоюдың тетігі – заман талабына, нарық сұранысына сай маман даярлауды көздейді.
Уақыт алға жылжып, технология қарыштағаны сынды оқу мен білім, оқыту технологиясы да жылдан-жылға даму үстінде. Әсіресе, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан  Назарбаев атап өткендей, «біз бұрынғы теориялық әдіске емес, практикалық бағытқа баса мән беруіміз керек» деген еді.  Дуалды оқыту жүйесі арқылы баланың білім алушының үштен екі бөлігі өндірісте өтсе, тек уақыттың үшінші бөлігі теориялық білімге бағытталады. Бұл – шәкірттер іскерлік ортада жүріп, кәсіптің қазанында қайнап, жұмыстың ішкі тынысымен тыныстап, кәсіппен етене байланысуы. Әрі маман болуға, іскер болуға дағдыланады.
Бұл бағытта жаңартылған білімнің жетістігіне 2019 жылы Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі де еніп, жоспарлы жұмысын бастап кетті. Атап айтқанда, колледж студенттерінің өндірістегі уақытына баса мән беру мақсатында 27 станокты тігін машинасымен жабдықталған арнайы «Тігін шеберханасы» ашылды. Бүгінгі таңда «Тігін және модельдеу» мамандығының студенттері практика мен теорияны ұштастыруда жұмыс жасауда.
Ауыз толтыра айтарлық жетістіктің бірі – заманауи стандартқа сай, еуропалық үлгідегі асхана. Мұнда «Аспаз» мамандығының оқытушылары шеберлік сағаттарын өткізіп, түрлі тағамдардың дайындалу әдісін өндірісте өткізеді. Жатақханада жататын студенттердің ыстық тағаммен қамтамасыз етілуіне де қолайлы жағдай жасалған. Мұнан бөлек, аспазшы мамандығының студенттері бос уақытында асханада ерікті түрде жұмыс жасау арқылы қосымша қаражат табуына да мүмкіндігі бар.
Дуалды оқыту жүйесіне көшкен келесі мамандық «Токарь-жонушы», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Пісіру ісі» мамандығы. Бүгінгі таңда колледж жанынан құрылған көлік-техника жөндеу орталығында аудандық кәсіпорындармен үшжақты келісімшарт жасалып, өз жетістігін беруде.
Әлем елдерінде дәлелденген Дуалды оқыту жүйесінің кәсіптік колледждер үшін келешегі кемел. Біз де шәкірттерді практикалық тұрғыда баулу арқылы кәсіби маман болуға жол бастаудамыз. Егемен елдің ертеңін қалар болашақ мамандар білікті де білімді болып, кәсіби білімнің көкжиегін қалауға септігін тигізетін болады.
Даулетхан ТҰРСЫНХОЖАЕВ,
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледж директорының
оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары
16 ақпан 2020 ж. 716 0