Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӨРКЕНДЕУ – АДАМИ КАПИТАЛ САПАСЫНДА

ӨРКЕНДЕУ – АДАМИ КАПИТАЛ САПАСЫНДА


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының қазіргі таңда қоғам, мемлекет үшін өзектілігі – ел ішінде қызу талқылануда. Жолдауда Президент қолдан келетін мүмкіндіктерді саралады. Әсіресе, адам капиталына баса назар аударды. Себебі, білікті, білімді қоғамсыз дамудың жолын табу қиын. Мұны үшінші жаңғыруға бастайтын Жолдауында да, ұлт рухын асқақтатаны Рухани жаңғыруында да айтты. Осыдан-ақ, сапалы да саналы, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырудың маңызын түсінуге болатындай.

Осындайда Шоқан Уәлихановтың «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» дегені еске түседі. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім», дегенін қаперге аласыз. Олай дейтініміз, қазіргі қарыштап дамып жатқан әлем өркениетінің негізі сапалы оқу-біліммен тығыз байланысты екен. Сондықтан уақыт санына сай өркендеудің жолы – сауаттылығы жоғары алдыңғы қатарлы елдердің біріне айналуымыз керек. Елбасы Жолдауында осы мәселе назардан тыс қалмады. Яғни, «Адами капитал – жаңғыру негізі» ретінде басымдыққа ие болды.
Алдымен адами капитал дегеніміз не? Соған тоқталайық. Адами капитал дегеніміз – адамның бойындағы білімі, қабілеті, тәжірибесі, даналығы, іскерлігі, бүгінгі бәсекелестік замандағы оның адамдық, кәсіби құндылығы. Осыған байланысты білім, енді, экономикалық категорияға айналды, ақшалы адам емес, білімді адамның мәртебесі жоғары болады.
Олай болса, жетінші басымдыққа білім беру жолында озық жүйені құру, педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қазіргі уақытта қайта қарау, университеттердегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту, жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындау мақсатында білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын арттыру жайы жатқызылуы орынды-ақ. Сондай-ақ, шет тілдерін еркін меңгеру, латын қарпіне көшу, цифрлы білім беруді дамыту мәселесі де шет қалмапты. «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыру, орта мектеп, колледж, ЖОО үздік оқытушыларының бейне сабақтарын интернетке орналастыру, жас ғалымдарымызға ғылыми гранттар бойынша квота бөліп, оларды қолдаудың жүйелі саясатын жүргізу, оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салу мәселелері және тағы басқалары қамтылған екен.
Жолдаудағы көтерілген ең қуантарлық мәселе – мұғалімнің мәртебесін көтеру. Бұл туралы Елбасының айтқан сөзі бәріміздің көңілімізден шығып, үлкен қуанышқа бөледі.
Елбасы білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажеттігін мәлім етті. Біздің ұстаздарымыз білім берудің жаңа сапасына көшетінін, кәсіби даму тұрғысынан жаңа белеске көтерілу талабы тұр. Мұндай міндеттерді мұғалімнің мәртебесін көтеру арқылыда жетуге болады. Өйткені, жауапкершілікті сезінген педагогтар бәсекеге қабілетті болудан аянбайтыны белгілі.
Бүгінде ауданымызда типтік жобадағы заманауи мектептердің саны артты. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға басымдық берілуде. Президент айтқандай, мектептер бейнебақылайтын құралдармен қамтамасыз етіліп, тәжірибелік жұмыс жүргізетін физика, химия кабинеттері жарақтанды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде оқушыларымыз облыстық, республикалық білім бәсекелерінде бәсі жоғарылауда. Қазір тұрғындарды қайта даярлау, кәсіптік білім беру жағдайы да сәтті жүргізіліп жатқанын біліп отырмыз. Осындай игілікті істерден жастар өндіріс саласына бет бұра бастағанын байқауға болады.
Әрине, мұндай іргелеушілікте аудан басшысының қамқорлығын, білім бөлімі басшысының іскерлігін айтпай кетуге болмайды. Ендеше, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы басымдықтар ауданда сапалы орындалып, санасы сергек, ойы кемел жастардың қалыптасуына жағдай жасайтынына сенемін.

Ермағамбет ИБРАГИМОВ,
«Ыбырай Алтынсарин» медалінің иегері,
ардагер ұстаз.
23 қаңтар 2018 ж. 2 315 0