№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӘСІБИ КАДР ДАЯРЛАУ – БАСТЫ МАҚСАТ

КӘСІБИ КАДР ДАЯРЛАУ – БАСТЫ МАҚСАТ

Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа жолдаған Жолдауы – өркендеуге ұмтылған өміршең елдің саяси бағыт-бағдары болуы тиіс. Біз де бұл Жолдауды тағатсыздана күтіп, жақсы ниетпен қабылдадық. Бүгінгі қазақстандықтардың игілігіне қажет крийтерийлерді басты назарға алған Үндеуді іс жүзінде шындыққа айналдырсақ қоғамдағы кереағарлықтан арылатынымыз анық. Әсіресе білім мәселесіне терең тоқталып, кәсіптік білімге назар аударған ұлт Президенті сапалы кәсіби маман даярлауды негізге алыпты. Мұны аудан әкімі Сұлтан Мақашов та қолдап, кәсіптік колледждің әлеуетіне, келешегіне сенім білдіруде. Әрине бұл біз үшін тың серпілістің жолы болмақ.


Қасым Жомарт Тоқаев «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөлімін де білім саласын бірінші орынға қойды. Жұмыссыз жастар мен маргиналдардың санын азайтудың тиімді тетігі – кәсіптік білімде екенін атады. Сондай-ақ техниканы меңгерген кәсіби мамандар тапшы екенін сөз етті. Үкіметке дарынды баланың қабілетін танытатын жол картасын әзірлеуді тапсырды. Мұндай тегеурінді талапты жүзеге асыруда кәсіптік білім ордаларына артылар жауапкершілік жоғары. Жолдауда айтылған пәрменді басты қағидаға айналдырған аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы да алғашқы танысу сапарын аудандағы дара кәсіптік оқу орны «Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінен» бастаған болатын. Білім ордасына кіргеннен-ақ, «Бүгінгі заман талабы – сапалы азамат, сапалы кадр даярлау. Біз – бұрынғы ескі технологиямен емес, заманауи цифрлы технологияның көмегімен шәкірттерді сусындатып, жаңа бағытта жұмыс жасауымыз» керек деп нақты тапсырмалар берді. 1967 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген оқу корпусы мен жатақханасының жаңадан салынуына немесе күрделі жөндеуден өтуіне күш салу керектігін, қажетті құжаттарды топтастырып, жоба-сметасы жасалу керектігін тапсырды. Тиісінше, аудан әкімдігі тарапынан қолдау болатынын жеткізді. Аудан басшысының мұндай тың идеялары мен қолдауы біз үшін оң көзқарас қана емес, жұмыс жүйесіне тың серпілістер болды деп айтуға болады. Алдағы уақытта пәрменге сай жаңа заманның жаңа технологиясын меңгерген кәсіби кадрын даярлауға күш салатын боламыз. Ол үшін жоспарлы жүйе аясында жаңа жұмыстар жасалынуда.
2016 жылдан бері колледж «Дуалды оқыту технологиясын» тек эсперимент ретінде қолданса, 2018 жылдан бері «Дуалды оқыту» жүйесіне көштік. Яғни бұған дейін шәкірттердің көп уақыты теориямен, лекциямен өтсе, бүгінде 60 пайыз практикаға мән беріледі. Студенттер оқу орнында білім ала жүріп, арнайы зертханаларда жұмыс жасайды. Бүгінде 18 түрлі мамандықтан 44 түрлі біліктілікті меңгеруге мүмкіндік бар. Мәселен, студенттер «Аспазшы», «Даяшы», «Референт-хатшы», «Жер-асты тау-кен жұмысшысы», «Жер асты қондырғыларының машинисі», «Сығымдағыш қондырғыларының машинисі», «Токарь-егеуші», «Дәнекерлеуші», «Электр газымен дәнекерлеуші», «Электр жабдықтарын жөндейтін және қызмет көрсететін электромонтер», «Автомобиль электр жабдықтарын жөндейтін электрик», «Автокөлікті жөндеу слесары», «Тігінші», «Модельер-тігінші», «Электронды есептеуіш машинасының операторы» «Техник-программист», «Тас қалаушы», «Құрылыс шебері», «Сылақшы», «Бояушы», «Қаптап-жалтыратушы», «Слесарь-сантехник», «Бухгалтер», «Машинамен сиыр сауу операторы», «Жеміс-көкөніс өсіруші», «Сатушы», «Ағаш өндірісіндегі тракторист-машинист», «Автомобиль жүргізуші», «Ветеринар» сынды біліктілікті алып, маман ретінде қалыптасады. Дуалдық оқыту жүйесіне енудің студенттер үшін тиімділігі зор. Колледж қабырғасында оқып жүріп, практикалық тұрғыда іскерлігін таныта отырып, компанияларға немесе жеке кәсіпорындарға тұрақты жұмысқа қабылдануға мүмкіндік алады. Биылғы жылдың басты жаңалығы – 27 станокты «Тігін цехы» өндіріс үшін жұмысты бастап кетті. Яғни тігін мамандығында оқитын студенттерге оқытушылар сабақты цехта өткізіп, тігін тігу әдістерін іскерлік тұрғыда меңгертіп қана қоймай, кәсіпкерлік бағытта әр түрлі бұйымдарға тапсырыс қабылдап, жұмыс жасайды. Сондай-ақ 200 адамға арналған асхананың жөндеу жұмыстары толық аяқталса, аспаз мамандығындағы оқытушылар мен студенттер бірлесе кешенді астарды пісіріп, түрлі кондитерлік өнімдер шығармақ. Бұл – Дуалдық оқыту жүйесіне берілген басымдық. Мұндай идеяға облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова да өз қолдауын танытып отыр. Бұдан бөлек, кәсіптік тұрғыда шыңдайтын арнайы зертханалар бар. «Трактор және автомобиль», «Автомобиль тренажер», «Пісіру жұмыстары», «Станок жұмысы», «Техникалық қызмет көрсету», «Электронды ақпараттандыру», «Автоэлектрик» сынды зертханаларда Өндірістік оқыту шеберлері студенттерді іске баулиды. Мәселен, колледжге тиесілі «СТО» яғни машина жөндеу орталығында студенттер кәсіби шыңдалып қана қоймай, қосымша қаражат табуға мүмкіндік алады. Бұл – ерте кезден жұмысқа араласудың, өз ісінің маманына айналудың тиімді бағыты.
Аудан басшысы Сұлтан Мақашов білім ордасына табан тіреген сәтте «Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі» тек ауданға қажетті маман даярлаумен шектелмеуі тиіс. Күллі республиканың түкпір-түкпірінде жұмыс жасайтын білікті маманға айналуы тиіс», деген болатын. Мұны басшылыққа алып, алдағы уақытта педагогикалық мамандықтарға да басымдық берсек деген жоспар бар. Мәселен аудан спортының дамуында колледж оқытушыларының да еңбегі еселі. Жетістіктер де жоқ емес. Сондықтан, «Дене шынықтыру» мамандығын ашып, кәсіби оқытушы даярламақпыз. Алдағы желтоқсан айында колледж «Аккредиттеуден» өту жоспары тұр. Келешекте «Жоғары колледж» статусын иемдену үшін де жұмыс жасаймыз.
Жаңа оқу жылы – жаңа жобаларға сеп болуда. 2017-2018 жылы оқуға түсуге ынталылар саны 150 баладан аспайтын болса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 235-ге артты. Оның 150 – Мемлекеттік тапсырыс аясында, 85 – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы негізінде. Міне, осындай мемлекеттік қолдаулардан-ақ, келешек – кәсіпті меңгерген мамандардың қолында екенін ұғуға болады.
Олай болса, Президент Қасым Жомарт Кемелұлы айтқандай «Ашықтық пен жариялылық» біздің басты бағдарымыз болуы тиіс. Өз ісінің қас шеберіне айналған, сұранысқа сай маман даярлауда жұмыла жұмыс жасайық. Жаңа оқу жылы барша педагогтар үшін толағай табыстарға толы болсын!

Жомарт ШӘУЕНОВ,
Жаңақорған аграрлы-техникалық
колледжінің директоры
14 қыркүйек 2019 ж. 1 709 0