№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дария демі: су деңгейі қалай?

Дария демі: су деңгейі қалай?


Әне-міне дегенше көктем де таяп қалды. Әр мезгіл өзінің тосын мінезін танытатыны белгілі. Күн райының жылынуының тау беткейдегі ауылдар мен Сырдария өзені бойындағы елді мекендерге қауіп төндіретіні тағы бар. Дария суының деңгейі қалай, күн күрт жылынып кетсе тұрғындарды әбігерге салмай ма? Осы сынды сауалға жауап іздеп, сала мамандарын сөзге тарттық.
Қолда бар дерекке сүйенсек, Сыр­дария өзенінің 215 шақырымы аудан территориясынан өтеді, оның 50,9 шақырымында қорғаныс бөгеттері орналасқан. Биыл Жаңақорған, Шиелі ауданындағы бөлігінде тіпті мұз қатпаған. Ал дарияның Қазалы мен Аралдағы бөлігінде мұздың қалыңдығы 5-20 см-ге жетеді екен. Сондай-ақ сала мамандарының сөзінше, бүгінгі таңда Шардара су қоймасынан дарияға секундына 400 текше метр су келсе, оның 300-і Көксарай контр реттегішіне кетеді.
Аудан көлемінде төтенше жағдай туындаған жағдайда алдын алу және жою бағытында жедел іс-қимыл жоспары аудан әкімінің бұйрығымен бекітіліп қойылғаны белгілі. Бұл жөнінде толығырақ сала маманы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Шерхан Ашимовтан білдік.
– Қазіргі уақытта Сырдария өзенінен келер қауіп жоқ. Алайда біз дайындықты пысықтап, кез келген жағдайға әзір отыруымыз қажет. Ауданның материалдық-техникалық қорын­да 2000 бас қамыс, 200 тонна қой тас, 250 текше метр қара бура, 7000 дана қап, 10 тонна «Аи-92» маркалы бензин, 10 тонна дизель жанармайы жасақталды. Ал төтенше жағдайлар қызметінің күш-құралдарының құрамында 180 адам мен 49 бірлік техника жұмылдыратын болса, аудан бойынша белгіленген ауылдық округтермен қоса есептегенде 16 мекемеге бекітілген. Су тасқыны орын алған жағдайда өз аймақтарынан 130 адамы бар 63 бірлік техника жұмылдырылатын болады. Сондай-ақ су басу қаупі бар учаскелерден тұрғындар мен үй жануарларын көшіру мақсатында 8 эвакуациялық жинақтау, 10 қабылдау пунктері нақтыланып қойылды, – деді Шерхан Ашимов.
Иә, «сақтықта қорлық жоқ» деген. Іс мұнымен тоқтап қалмақ емес. Төтенше жағдай орын алғанда тұрғындарға бірінші кезекте азық-түлік пен дәрі-дәрмек қажет екені белгілі. Бөлім басшысынан Жаңақорған аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі арқылы азық-түлік, жылжымалы та­мақ және дәрі-дәрмек­тер қорын қалыптастыруға жеке кәсіпкерлермен әріптестік мемо­рандум жасалғанын білдік.
Биыл тауға қар мен жаңбыр мол түсуі малға жайлы болғанымен, беткейдегі елді мекен тұрғындарын алаңдататыны анық. Қазіргі таңда таудан секундына 6 текше метр су келуде, оның 1,5 текше метрі Көлтоғанға құйылса, 2,5 текше метр су Шұқыройға, қалғаны егістік алқаптарға таралып жатыр. Су деңгейі жоғарыласа Құттықожа, Шалқия каналдары арқылы Сырдария өзеніне жіберіледі екен.
Қорыта айтқанда, дариядан келер қауіп жоқ. Төтенше жағдайдың алдын алу шаралары көңіл көншітеді. Мамандар мен техникалары сақадай сай.

Майра ҒАНИЕВА
15 ақпан 2020 ж. 734 0