№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ДАРИЯ ДЕҢГЕЙІ: АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ...

ДАРИЯ ДЕҢГЕЙІ: АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ...

  Қыс пен көктем мезгілінде Сырдария өзені арнасынан асып, мінез танытатыны бар. Бұл апат әсіресе дария бойында орналасқан елді-мекендерге қауіп төндіретін еді. Бүгінде қақаған қаңтар айында дария деңгейі қай қалыпта екен? Біз осыны анықтап көрдік.


   Белгілісі, Қызылорда қаласына қар қалың жауып, қатты тұрған жел дарияның солтүстік бөлігінің бетін қатырып тастады. Жақында ғана Қазалы ауданындағы бөгетті су бұзып, қауіпті аймаққа азаматтық қорғау құрылымдарынан 150-ге жуық маман пен елуден астам техника жұмылдырып, бір қауіптің алдын алып қалды. Десе де, Арал ауданында дариядағы мұздың қалыңдығы 15-20 сантиметрге жетсе, облыс орталығында қалыңдығы 10-15 сантиметрден асады. Ал, Жаңақорған ауданында дарияға мұз қатпаған. Бұл жөнінде бізге толығырақ аудан әкімі аппараты жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайдың алдын алу бөлімінің басшысы Шерхан Ашимовтан білдік.
– Жаңақорған ауданы аумағында 2018-2019 жылдары қыс-көктем кезеңіндегі Сырдария өзенімен келетін мол суды қаупсіз өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізуге асыруға арналған іс шаралар жоспары аудан әкімінің орынбасыры А.Салыбековпен бекітіліп жоспар аясында тиісті жұмыстар атқарылуда. Қазіргі кезде судан келер қауіп жоқ. Дариядағы су деңгейі 600 текше метрге түсті. Сондықтан, әзірге алаңдауға еш негіз болмай тұр. Аудан бойынша қауіпті деп саналатын 8 учаскелік бөгет бақылауға алынған, – дейді Шерхан Шайдарбекұлы.
Сондай-ақ сақтық шараларына қатысты мәліметті аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен сұрадық. Сала мамандарының айтуынша, судың мөлшері бөлім қызметкерлерімен күнделікті алынып отырылады. Ал, Сырдария өзені бойында аудан аумағында жалпы ұзындығы 50,919 шақырым қорғаныс бөгеттері бар екен.
– Аудан аумағында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай жалпы ұзындығы 215 шақырымды құрайтын Сырдария өзені ағады. Аудан аумағында өзенге су сырттан келмегенмен, су жан-жаққа жіберіледі (Келінтөбе, Сумағар, Тайпакөл, Күркіреуік, Сунақата). Өзен суы су тораптары мен магистралды каналдар арқылы реттеледі, – деді.
  Маманның сөзінше, Қазіргі таңда Сырдария өзенімен жоғарыда 600 м3 су келуде, су температурасы +3 градус жылы, мұз жоқ таза. Сырдария өзенінің бойында аудан аумағында 8 қауіпті аумағы бар, олар: Көктөбе, Қалғансыр, Қауық, Қожакент, Өзгент, Жаңақорған кентінің күн батыс жақ бөлігі, Байкенже, Төменарық ауылының күн батыс жақ бөлігі. Барлық қауіпті аймақтар бойынша қазіргі таңда Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау Гарнизонының қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар қауіпті аймақтардағы халықты жинақтау орындары мен халықты қабылдау пункттері дайындыққа келтірілген, – деді Жаңақорған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Елжан Шегебаев.
Қорыта айтқанда, дария деңгейі қалыпты. Алаңдауға негіз жоқ. Төтенше жағдайдың алдын алу шаралары ауданда тиянақты жүзеге асып жатқанын байқадық.

                                                                                                                                            Самат ОҢҒАРҰЛЫ.

10 қаңтар 2019 ж. 1 112 3

Гость Jeahulalf от 11 ақпан 2019 07:56
Propecia Low Dose Testosterone generic cialis from india Compro Cialis Online

Гость Jeahulalf от 3 наурыз 2019 14:55
Comprare Cialis In Germania Horn Pflanzliches Viagra Potenzmittel Hilfe Impotenz Dapoxetina Laboratorios cialis cheapest online prices Achetez Priligy 30 Mg Entrega Rapida

StevBlubof от 8 мамыр 2019 07:13
Levaquin Scrotum cialis price Cephalexin 500mg Capsule