№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

№16 (8830) 1

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ДАРИЯ ДЕҢГЕЙІ ҚАЛЫПТЫ

ДАРИЯ ДЕҢГЕЙІ ҚАЛЫПТЫ


Сырдария өзеніндегі 5 наурыздағы жағдай туралы:
Арал ауданы аумағында өзен арнасында мұз толықтай ұстасқан. Қалыңдығы 75-78 см құрайды. Ақлақ су торабынан төмен қарай 230 м3/сек су түсірілуде және 5% күріп жүріп жатыр. 
Қазалы ауданы аумағында өзен арнасында мұз толығымен ұстасқан, қалыңдығы шамамен 71 см. Басықара су торабынан төменгі ағысқа 320 м3/сек су өтуде. 
Қармақшы ауданы аумағында Далдабай елді мекенінен төмен қарай 7 шақырым ашық, қалған жерде толығымен мұз ұстасып тұр , мұздың қалыңдығы шамамен 30 см.
Жалағаш ауданы көлемінде 90% мұз ұстасқан, қалыңдығы шамамен 40-45 см.
Сырдария ауданы аумағында өзен арнасында қалыңдығы 48 см болатын мұз толықтай ұстасқан. Әйтек су торабынан төменгі ағысқа 190 м3/сек су өтуде.
Шиелі ауданы бойынша өзен арнасымен Жаңақорған ауданы аумағынан келген сең Қызылқайың елді мекені тұсына тірелді. Мұздың қалыңдығы 10-12см құрайды. 
Жаңақорған ауданының аумағы толығымен мұздан таза. Аудан көлеміне келіп түсіп жатқан судың көлемі 220 м3/сек құрайды.
Қызылорда қаласы көлемінде Сырдария өзенімен 250 м3/сек. көлемінде су өтіп тұр, толығымен мұз ұстасқан, мұздың қалыңдығы 50 см. 
Қазіргі таңда Сырдария өзеніндегі жағдай бірқалыпты.
Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы.
05 наурыз 2018 ж. 1 696 0