Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 050

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 081

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 895

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 395

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 602

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 592

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ДАРИЯ ДЕҢГЕЙІ ҚАЛЫПТЫ

ДАРИЯ ДЕҢГЕЙІ ҚАЛЫПТЫ


Алдымен, аудан әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлар бөлімінің бас инспекторы Шерхан Ашимовтың мәліметіне зер салайық.
– Қазіргі кезде судан келер қауіп жоқ. Аудан бойынша сегіз бөгет бақылауға алынып, күн-түн күзетте тұр. Жақында Қызылорда қаласынан жоғары Шиелі ауданындағы Керкелмес су бекеті аралығында мұз қатыпты. Қызылорда қаласы тұсында дария деңгейі көтеріле бастады. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Көксарай су реттегішіне 300 текше метр су қабылдаса, қалған 600 текше метр су дария бойымен теңізді бетке алып жөңкуде, – деді ол.
Осы орайда аудандағы тұрақтылықты білмекке «Жаңақорғансушар» өндірістік учаскесінің бас инженері Баянбек Қалжановқа хабарластық.
– Қазіргі уақытта Шардара су қоймасынан төмен қарай секундына 600 текше метр су түсіп жатыр. Яғни, осынша су аудан тұсынан өтіп жатыр. Мекеме құзырында тұрған 42 шақырым аумақты бақылауда ұстап отырмыз. Жалпы, Сырдарияда өзен бойындағы елді мекендерге қауіп-қатер жоқ, – деді бас инженер.
Оның сөзінше, «Бесарық» су қоймасында 2 240 000 текше метр, «Жиделі» су қоймасында 1 230 000 су бар. Осы су қоймаларына құятын Жиделі өзенінен бүгінгі күні секундына 100 текше литр су түссе, Бесарық өзенінен 300 текше литр су келуде екен.
Мамандардың сөзінше, Сырдария өзеніндегі су шаруашылығы өзгерген жағдайда Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішінің жұмыс кестесіне тиісті өзгерістер енгізілді. Демек, әзірге қарғын судан келетін қатер жоқ деуге болады.
Қазіргі таңда аудан көлемінде Сырдария өзеніне жақын қауіпті аймақтарда Жаңақорған кенті мен 11 ауылдық округте 53 мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтар орналасқан. Бұл шаруа қожалықтарда 5 596 бас мүйізді ірі қара, 32 033 бас қой, 1 816 бас жылқы, 374 бас түйе бар.
– 2018 жылдың қыс айында Сырдария өзенімен мол судың келуіне байланысты барлық шаруа қожалықтар мен өзен маңында орналасқан ауылдық округ тұрғындары төрт түліктерін өзен суынан қауіпсіз аймаққа көшіруге дайын отырса, – дейді Жаңақорған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Елжан Шегебаев.

Әлібек ТЕМІРБЕК.
06 қаңтар 2018 ж. 1 630 0