№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жарқын болашақ білімді жастар қолында

Жарқын болашақ білімді жастар қолында

Майраш Амантаева,
№168 И.Әбдікәрімова атын­дағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі:
– Әлем жылдам өзгеруде. Күн сайын өзгеріп жатқан әлемдегі жаңалықтар қарқынына ілесу үшін мұғалімге қандай қасиет қажет? Оқушының танымы мұғалімнен асып-түсіп жатқан кезеңде қандай жол бар. Міне, осы сұрақтар білім беру саласында өзекті мәселе болып отыр. Менің ойымша, мұғалім әрқашан уақыттан озып отыру керек. Сауатты мұғалім болып қана қоймай өз пәнін оқушы сүйіп оқитындай дәрежеде болу қажет.
Ұстаз мәртебесі туралы заңды оқып отырып, үлкен ойға қалдым. Бұл заң ұстаз мәртебесін көтеруді қолдай отырып, мұғалімге үлкен жауапкершілік артып тұрғандай. Педагог әдебі, анты туралы танысқан кезімде, өзімнің 34 жылдық еңбек жолым есіме түсті. Осы әдептен аттамадым ба, осы антты орындадым ба деген ой келді. Мұғалім өзінің әр қадамына есеп бере алатын, шәкірті үшін үлгі алатын идеал жан деп есептеймін.
Бұл заңда қолға алынған тәлімгерлік туралы бап дұрыс  негізіделген деп есептеймін.Өйткені мектепке келген жас маманға ақылшы ұстаздың қажеттілігі өте көп. Ал оның еңбек ақымен заңдастырылуы жауапкершілікті арттырады деген сенімдемін.
Гүлбазар Боранбаева,
№195 мектеп-гимназиясының оқу ісі орынбасары:
– Бүгінгі күн талабы – қала мектептері мен ауыл арасындағы айырмашылықты жою. 2025 жылға дейін дүниежүзілік банк пен Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы бар. Онда орта білімді модернизациялау бойынша ауыл мектебін мультимедиялық құралдармен қамту мәселесі жүзеге асады. Енді ауыл мектептері түгелдей кеңжолақты интернетпен пайдалана алады.
Білім саласында барлық жетістікті заманауи технологиямен өлшеуге болмайды. Шетелдік ғалымдардың дәрісінде болып, кореялық ғалымның айтқаны құлағымда қалыпты: «Біз цифрлы технолгогияны жетік меңгергеруімізбен, жаңашылдықпен, өнертапқыштыкпен ең алдыңғы орынға шықтық. Бұл жақсы. Осымен қатар жауқазын жастардың ажал құшуы жиіледі. Неден? Техникаға тәуелділіктен. Смартфонға байланған сәби санасы тығырыққа тірелген. Таянышты да содан іздейді. Отбасы мүшелері бәрі өздерімен-өздері. Бәрінің қолында бір-бір сотка, тамақ ішіп отырып та, тіпті жолда келе жатып та сонымен әлек. Әлемде жападан-жалғыз қалған жасөспірімніңөмірінің соңы суицидпен аяқталуы сондықтан. Бұл жақсы ма? Сіздерде, қазақтарда дастарханда бас қосып, шүйіркелесіп отырып, шәй ішу дәстүрі бар. Содан ажырамаңыздар. Жаңа технологияны пайдаланудың да жөні бар. Бәрі ретімен, тәртібімен болу керек». 
Қазір біздің мектеп инновациялық мектептер қатарындамыз. Бұл деңгейге жету үшін мұғалімдеріміз деңгейлі курстардан жүйелі түрде өтіп келеді. Мәселен, ауданда 18 мектеппен іс-тәжірибемізді алмасып келеміз. Назарбаев зияткерлік мектебінен, Қазақ-түрік лицейінен алған тәжірибені өз оқу ордамызға, сонымен қатар аудан мектептері ұстаздарымен талқылап, оқу тәрбие үрдісіне енгізуге талмай ізденіп келеміз. Өзім осы бағыттағы координатор-маманмын.
Бір оқушымыз кеше Ақмола облысы, Шучье қаласында өткен республикалық байқауда 1-7 сынып оқушылары арасында жеңімпаз атанды. Тағы бір оқушымыз «Зерде» республикалық конкурста жеңімпаз атанды. «Педагог мәртебесі» туралы заңды мұғалімдер болып талқыладық. Ондағы көрсетілген ұстаз жағдайының артуынан да жоғары тұрған жауапкершілік мәселесіне терең ой салып, осы Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлықтарға нақты нәтижемен жауап беруге жаппай жұмылуға аудан мектептері мұғалімдеріне Үндеу тастадық.
Бір айқын ақиқат, халық бізге баласының тағдырын сеніп тапсырып отыр. Біздің сол аманатты ақтау үшін жатпай-тұрмай еңбектенуіміз, нанымызды адалдап жеудің жалғыз жолы да осы.
 
ТҮЙІН. Білім сапасын төмен­детпеудің мынадай компо­ненттері бар: Оқу бағдарламасы; Оқу құралдары; Мотивациясы барұстаз; Білім беру ортасы мен сыныптастардың ынтасы. Бұдан шығатын қорытынды қандай? Мемлекеттік стандарттар ауыл мен қалада бірдей. Білікті ұстаз қай жерде жүрсе де білімді орта қалыптастырады. Ал жарқын болашақ білімді ұстаздың қолында.

09 ақпан 2020 ж. 537 0