№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰСТАЗ БЕДЕЛІ МАҢЫЗДЫ

ҰСТАЗ БЕДЕЛІ МАҢЫЗДЫ

«Педагогтың мәртебесі, яғни оның қоғам алдындағы беделі, болмысы, оның атқарып жатқан қызметі және сол қызметінің тиісті дәрежеде бағалануы», міне, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында осы жайттарға тоқталып, шешілу жолдарын көрсетіп берді. Себебі адами капиталға көңіл бөлмей дамудың жолын табу қиын.

Абайдың «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаз­дан» деген ойын тереңірек ұқсаңыз ұлылықтың басында ұстаз тұратынын түсінесіз, әріпті үйреткен тұлғаға қырық жыл сәлем берудің парқын ұғасыз. Ұстаздар қауымы кез-келген мемлекеттің қозғаушы күші, қайнар өзегі десек, ұстазды құрметтеу, қадірлеу өз-өзінді сыйлаумен пара-пар дүние. Бірақ нарықтың ырғағына түсіп, сананы қаржы билеген заманда ұстазды құрметтеу кемшін тарта бастағаны рас.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен Тамыз кеңесіне қатысып, педагог мәртебесін арттырудың маңызына тоқталды, сосын Жолдауында ұстаз мәртебесіне басымдық берді.
Ашығын айтқанда, мұғалімдерге бүгінгі таңда барлық жұмыс жүктеледі. Сайлауды өткізетін мұғалім, үгіт-насихатты жүргізетін мұғалім, бір шаруаны атқару жүгі мұғалімге артылатын. Оларды артық жүктемеден арылтып, тиісті уақытында жұмыс істеуге жағдай жасау керек. Міне, осы бағытта нақты тапсырмалар берілді.
Менің ойымша, бәсекеге қабілетті озық елдерде педагог мәртебесі нақтыланған. Мәселен, Бельгия, Дания, Испания, Италия, Партугалия, Финляндия, Францияда да мектеп мұғалімдері мемлекеттік қызметкердің статусымен теңестірілген. Мұндай үрдіс АҚШ пен Канадада қалыптасқан. Жапонияда ағарту саласы қызметкерлері туралы арнайы заң бойынша мұғалім мемлекеттік қызметкер деп белгіленген.
Осыдан-ақ дамыған елдер өркендеудің жолын білім саласын заманға сай реформалаудан, оның ішінде, мұғалім мәртебесін ұлықтаудан тапқанын көресіз.
Осыны жан-жақты ойластырып көру керек секілді. Бір сөзбен айтқанда, қоғамның дамуында ұстаз беделі маңызды.

Индира ЗУЛПУХАРОВА,
№184 негізгі мектебінің ұстазы
11 қыркүйек 2019 ж. 1 199 0