№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлы істің басында жүрген ұстаздар қашанда ұлықтауға лайық

Ұлы істің басында жүрген ұстаздар қашанда ұлықтауға лайық

   «Ұрпақ тәрбиесі» деген ұлы істің басында жүрген ұстаздар қашанда ұлықтауға лайық-ақ. Ауданның ағарту саласында тынымсыз еңбек етіп, үздіксіз ізденіс үстінде жүретін, өз біліктілігі мен білімділігін облыстық, республикалық байқауларда дәлелдеп жүретін ұстаздар аз емес. Осы санатқа Айгүл Қазбекованы да қосуға болады. Ол жақында облыстық байқауда озат шығып, ауданның мерейін асырды. Еңбекқорлығымен ерекшеленетін білікті ұстаз ауданның «100 жаңа есім» тізіміне де енген екен.
  Жиырма бес жылға жуық ұстаздық еткен Айгүл Абдулаханқызы еңбек жолын №163 мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастайды. Қайнаған мектеп өмірінде он жылға жуық шыңдалып, кейіннен №256 мектепке ауысады. Ал, 2012 жылы №110 мектеп-лицейіне жұмысқа орналасып, осы білім ошағында бүгінге дейін абыройлы қызмет атқаруда. Ол жақында ұстаздар арасындағы «Облыстық үздік мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі – 2018» байқауына аудан атынан қатысып, 1-орынды қанжығасына байлаған.
– Жалпы, аталмыш байқау Қызылорда облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен алдымен ауданда болды. Ол кезде 9 мұғалім қатысып, ауданаралықтан 1-орынмен облысқа жолдама алдым. Ал, облыста 7 ұстаз қатысқан дода тартысты өтті, – дейді кейіпкеріміз.
Оның айтуынша, Елбасының биылғы «Қазақстан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту міндетін жүзеге асыру барысында ұйымдастырылған байқау «Электронды портфолио», «Ұзақтығы 15 минуттан тұратын бейне­материал» және «Перспективалық жоспарлау мен типограмма» атты 3 шарттан тұрған. Байқау барысында ұстаз өзінің бар біліктілігін ортаға салып, баламен және ата-анамен дұрыс жұмыс жасаудың қалай жүзеге асатынын, білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін ұстаздың бойынан қандай қасиеттер табылу керектігін көрсете білген.
Иә, облыстық ұстаздар арасындағы додадан озып шыққан мұғаліммен бүгінгі білім саласындағы жаңа бағ­дарламалар жөнінде әңгімелестік.
– Бүгінгі жаһандану отандық білім беру жүйесінің әлемдік білім стандартына интегра­циялануын талап етуде. Осы тұрғыда, қазіргінің ұстазы қандай болуы керек деп пайымдайсыз?
– Қазір біздің ел әлемдік білім бәсекесіне қабілетті болу жолында жұмыс жасауда. Сондықтан, оқушыдан бұрын мүғалім ізденісін тоқтатпауы керек. Қазіргі заман ұстазы өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, кез-келген өзгеріске төтеп беретін болуы керек. Өйткені, баланың білімді де білікті, парасат пайымы мол, саналы азамат болып жетілуі тәлім беретін мұғалімге тікелей байланысты.
– Кәсіби шеберлік деген не?
– Ұстаз болу – үнемі зерттеушілікті талап ететін ма­мандық екенін мойындаған мұғалім ғана кәсіби шеберлікке қол жеткізеді деп ойлаймын.
– Сіздіңше, заманауи мектеп қандай болуы шарт?
– Бүгіннің жалпы орта білім беретін мектебі – жаңа қоғам мектебі. Сондықтан, ол білім мен мәдениет, ұлттық құндылықтар ошағы болуы керек. Сонымен қатар, заманауи мектеп аты айтып тұрғандай бәсекеге төтеп бере алатындай, бала үшін бар жағдайы жасалған білім ошағы болуы тиіс.
– 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің ерекшелігі неде?
– Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, 12 жылдық білім беру – бүгінгі мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселе. Бұл жаңашылдық «Баланы оқуға қалай үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр...

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
19 қараша 2018 ж. 1 220 0