Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Неге табалдырықты басуға болмайды?

Неге табалдырықты басуға болмайды?


«Табалдырықты баспа, оттың басына түкірме, кіндік қаны тамған жер» деген сөздер неден шыққан, шақалақтың кіндігін қайда көмген және кіндік шешенің мәртебесі неліктен жоғары тұрады? Білгенге – маржан.
«Табалдырықты баспа». «Оттың басына түкірме». «Кіндік қаны тамған жер»
Кіндікті кескен ақ балтаны көрінген іске жаратпай, сақтап қойған. Ата-бабаларымыз ер балдардың жолдасын қырдан асырып, кіндігін табалдырықтың астына көмген. Сол себепті үлкендер «табалдырықты баспа», - дейді. Жолдасын қырдан асырудың себебі: «Үй күшік емес, елдің қорғаны болсын» дегені. Қыз баласының кіндігін де, жолдасын да ошақтың басына көмген. Яғни «қазан-ошаққа ие болатын өнегелі келін, жақсы ана болсын» деп ырымдайды. «Оттың басына түкірме» дейтін тыйым сөздің мәні осында. Сәбиінің оқымысты болғанын қалайтындар кіндікті кітаптың арасында, бай болсын дегендер алтын-күміс салынған ыдыстың ішінде сақтаған. Тіпті соғыс кезінде оны тұмар етіп, мойынға таққан.
Өткен ғасырда қара халықтың басынан талай күйбелең кезеңдер өтті. Оларға кіндіктерінің кім кесіп, түскен кіндіктің қайда тасталғаны да беймәлім еді. Бұл туралы этнограф Зейнеп Ахметова: «Күл-қоқысқа лақтырылып, ит пен мысық жегендіктен де, бірімізді біріміз тыңдамай, сөзімізді көтере алмай, итше ырылдасып жататынымыз осыдан болуы да мүмкін ғой… Ата-бабаларымыз кіндікке соншама мән беріп, қасиетін бағалағандықтан да жаужүрек ұлдары, үлкеннің алдынан кесіп өтпеген ибалы келіндері болды. Ата-бабамыздан бізге осыншама кең-байтақ жер қалуының бір сыры осында жатса керек. «Кіндік қаны тамған жер» деп те айтып жатамыз…» деген екен. Осының барлығы негізсіз болмаса керек.
Баланың жолдасын адам баспайтын жерге көмудің мәні неде?
Халқымызда сәбидің жолдасы басқаның көзіне түссе, анасы ауруға шалдығады деген наным бар. Кейбіреуі балалары жемістей көп болсын деп жеміс ағашының түбіне көмген деседі. Егер әйел тек қыз баланы өмірге әкеле берсе, сәбидің жолдасын әйелдің басынан үш рет айналдырған.
Кіндік шешеге көрсетілетін құрмет:
Көреген кісілердің, салиқалы ел аналарының ұйғаруымен баланың ата-анасы кіндік кескен кісіге қалжа, киім-кешек сыйлап, жолдық береді. Нәресте де ата-анасының жақсылығын жалғастырып, оған кіндік кесер берген. Кіндік шешемен қоса оның жұбайына да қатар сый-құрмет көрсетіледі. Бала әрдайым оларды өз әке-шешесіндей көрген.

Аружан Мырзатай
08 ақпан 2020 ж. 1 390 0