Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақи тәрбиенің үш түрі

Қазақи тәрбиенің үш түрі


Қазақи тәрбиенің үш түрі:
1. Ұят болады
2. Обал болады
3. Жаман болады
ҰЯТ БОЛАДЫ: үлкеннің сөзін бөлме; үлкеннің алдын кесіп өтпе; үлкенге, əке-шешеңе қатты, зекіп сөйлеме; үлкенге тіктеп, бажырайып қарама; үлкеннен бұрын төрге шықпа, дəмге қол созба; қыз бала қарқылдап күлмейді; кісіге қарап есінеме, керілме, түшкірме; біреуге тесіліп қарама; тамақ ішуді қонақтан бұрын доғарма; адамды саусағыңды шошайтып көрсетпе; екі кісінің арасынан өтпе; қаралы үйде қатты сөйлеме, əзіл-қалжың айтып орынсыз ыржалақтама; қарт адамның алдын кеспе; тамақты қомағайланып жеме; тамақ жегенде өз алдыңнан же, сұғанақтанып басқаның алдына қол жүгірпе; шақырмаған жерге барма; бір тойған жеріңе бара берме; дастархан басынан бата берілмей тұрып кетпе; орынды-орынсыз əңгімеге, сөзге араласа берме; сұраншақ болма; өтірік, өсек айтпа; ешкіммен салғыласып ұрыспа ("Үндемеген-үйдей бəледен құтылады", "Өз бетін аямаған, кісі бетін шиедей қылады"- дегенді еске ұста); мақтаншақ, тəкаппар болма; қонағыңа ашуланба, жұмсама...

ОБАЛ БОЛАДЫ: мүгедек, кемтар адамға күлме, қайта көмектес-сауабын аласың; біреудің ала жібін аттама, қиянат жасама, малын ұрлама; жетім, жесірді ренжітпе, ақысын жеме; күшікті немесе мысықты бекерге қинама; құмырсқаның илеуін бұзба; құстың ұясын бұзба; нанды жерге тастама, қиқымын шашпа; артық асты далаға төкпе; сүтті, ақты төкпе; ысырап жасама; малды теппе, ұрып-соқпа; көкті жұлма, көктеп тұрған бұтақты сындырма...

ЖАМАН БОЛАДЫ: суға түкірме; тұзды шашпа; күлді баспа; үйге қарай жүгірме; қолыңды төбеңе қойма; екі бүйіріңді таянба; тізеңді құшақтама; беймезгіл кезде (күн батарда) ұйықтама; жатқан кісінің үстінен аттама; жатқанда аяғыңды құбылаға берме; жастыққа отырма; есіктің табалдырығын баспа, босағаны керме, босағаға сүйенбе; шашыңды жайып жүрме, жұма күні кір жума; түнде айнаға қарама, кір жайма; сыпырғышпен ұрма, тік қойма; ер адамның киімін баспа(əйелдерге, қыз-келіншектерге); түнде тырнақ алма; үйде ысқырма; киіміңді желбегей жамылма; дастарханды баспа, аттама; нанды бір қолмен үзбе; таңғы асты тастама; біреуді қарғама; өлген адамды ғайбаттама; құбылаға қарап дəрет сындырма; үйге кірген жыланды өлтірме; бейітті-моланы саусағыңды шошайтып көрсетпе; жанып тұрған шырақты үрлеме; түнде айдалаға қонба; балаларыңды санама, санын айтпа; бос бесікті тербетпе; қазанды төңкеріп қойма; бар деп тасыма (мақтанба), жоқ деп жасыма (төменшіктеме); қыз басына ақ, қара орамал тартпайды, ақ-жаулықтың, қара - қайғының белгісі; жеңілтек болады деп қыз баланы қырқынан ерте шығармайды; қыз баланы босағаға отырғызба; қыз ер баланы тебуге болмайды; келін ата-енесінің төсегіне отырмайды; дос-жараннан, құда-жекжаттан ит алма, ит берме; жіп-арқанның астынан өтпе, мойныңа салма; өлімнен қайтқанда басқа үйге кірме...

Болат Ауғамбаев.
30 мамыр 2019 ж. 1 289 0