№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

№75 (8988) 3

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » «Балалық шақ – бақыт бастауы» атты мерекелік ертеңгілік өтті

«Балалық шақ – бақыт бастауы» атты мерекелік ертеңгілік өтті



«Өнер» бастауыш партия ұйымында «Бақытты отбасы» жобасы аясында, Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кітапхананың тұрақты оқырмандарымен «Балалық шақ – бақыт бастауы» атты мерекелік ертеңгілік өткізілді.

Іс-шара барысында жас оқырмандарға кітапханаға қызықты экскурсия ұйымдастырылып, кітап қоры мен кітапхананың қызметі таныстырылды. Балалар түрлі ойындарға қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.

Шараның мақсаты – жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапханаға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және мереке күні балаларға қуаныш сыйлау.

Балалардың жарқын күлкісі мен шат көңіл күйі мерекенің мәнін арттыра түсті. Барша бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, бақытты балалық шақ, зор денсаулық және жарқын болашақ тілейміз!

#БақыттыОтбасы
#ӨнерБПҰ #БалалықШақБақытБастауы #БалалардыҚорғауКүні #1Маусым #ЖаңақорғанБалаларКітапханасы #КітапОқу #БалаларМерекесі
02 маусым 2026 ж. 158 0