№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » «БАР МЕЙІРІМІМІЗ – БАЛАЛАРҒА»

«БАР МЕЙІРІМІМІЗ – БАЛАЛАРҒА»

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «AMANAT» партиясы, «Бірлік» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бар мейіріміміз – балаларға» атты мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды.


Іс-шараның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлап, олардың бақытты балалық шағына қолдау көрсету. Мерекелік бағдарлама барысында бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, қызықты ойындар мен сайыстарға қатысып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.

«Бірлік» бастауыш партия ұйымының төрайымы Момынханова Гүлбану: «Балалардың шат күлкісі мен жарқын жүздері мерекенің ерекше сәні. Барша бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, дендеріне саулық, оқуларына табыс, жарқын болашақ тілеймін» - деп атап өтті.

#БарМейірімізБалаларға #БақыттыОтбасы #БалалардыҚорғауКүні
#1Маусым #БалаларБақыты #МерекелікЕртеңгілік
02 маусым 2026 ж. 226 0