№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жиырмаға жуық баланың кіндік шешесі

Жиырмаға жуық баланың кіндік шешесі


Бірлік ауылында тұратын Айымжан Кәдірбекованың төлқұжаттағы туған жылы 1922 жыл делінгенмен, оның інісі Ізбасар апасының бір жыл бұрын туғандығын растайды.


Ол кезде төлқұжатты шамамен асықпай жаза беретін кез көрінеді. Сонда 1921 жылы туған болып шықса, әжеміз 98-ге аяқ артқан екен. Он үш жаннан түрлі қиындықтармен жалғыз өзі қалған Айымжан апаның бүгінде он баласынан 39 немересі, 45 шөбересі бар. Айдана мен Рысалды шөберелерінен екі шөпшегінің қолынан су ішіп отыр. Күні бүгінге дейін 18 баланың анасын босандырып алып, шынайы кіндік шешесі атанған көрінеді. Сәбиді босандырып алып қана қоймай, дүниеге келісімен құйрығын шарт еткізіп ұрып, кіндігін кеседі.
«Сәбидің кіндігін кескен әйел «кіндік шеше» атанады. Ал, сәбиді перзентханада босандырып алып, одан кейін бір апта өткеннен кейін оның күтімін жасауға қатысқан әйелдерді де «кіндік шеше етіп алатындар жиі кездеседі. Мен өз қолыммен 18 баланы босандырып алдым. Шешесінің көкірегіне басын қойып, содан кейін уызын ембеген бала қытымыр, қатігез болып өседі. Кешегі Кеңес дәуірінде перзентханада босандырып, баласын жуындырып-шайындырып барып, анасына әкелетін. Ондай бала анасының иісін бірден алмаған соң, ішегі түйілгенше жылап, өксігін баса алмай, жүрегіне қан қатады. Баланы табиғи түрде босандырып, анасының қасынан айырмау керек», – дейді Айымжан апа.
Ұзақ өмір сүруінің сырын Айымжан апа «ішкен асы мен ақыл ойының, бойының тазалығында» деп біледі. Жеті жасынан бастап жасырып намаз оқып келсе, тоқсаннан асқан соң, мүмкіндігі шектеулі болғандықтан отырып сәжде жасап, дұға оқуын жалғастырып келеді. Жақын маңдағы елді мекендердің келін-кепшіктері Айымжан апаны «Тәуіп кемпір» деп таниды. Жүзге жақындаған әжеміз бүлдіршіндердің тамағын басып, ішін уқалап, жел қарысқанын шығарып, басы ауырғанды байлап, теңестіріп, дұға оқып емдейді. Көрші ауылдардағы малын жоғалтқан таныстары да Айымжан апаға арнайы келіп құмалақ аштырып жатады. «Осы кісі секілді ұзақ жасап, тазалыққа жаны құмар болсын!» деген ниетпен балалары мен немерелерінің тұсауын кестірушілер көптеп келеді.
«Біз кезінде қой-ешкіні көгендеп сауатынбыз. Биені сегіз мезгіл саудық. Қойдың жүнінен кілем тоқып, текемет басатынбыз. Есіктің алдындағы бау-бақшадағы жеміс-жидектерден түрлі тосаптар жасайтынбыз. Кезінде тандырдың пешін де жасап, саттым. Қазір сүт, жұмыртқа, нан сатып алып отырған келіндерге жаным ашиды», –дейді әжеміз.

Иса Беркімбай.
09 мамыр 2019 ж. 890 0