КЕЗЕКТІ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырысты комиссия төрағасы Тұрабаев Қалдарбек Айдарұлы жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
Күн тәртібінде 1. «Жер аманаты» жобасының іске асырылуы, бағдарламаның орындалуы және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Бағдарламаның жүзеге асу барысы мен алдағы міндеттерді баяндады. 2. Елді мекендерді жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, зерделеу жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстардың есебін тыңдау. Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Зейдалиев Талғат Бимағамбетұлы хабарлама жасады. 3. Жаңақорған ауданы бойынша мектеп оқушыларының жазғы демалысқа дайындық барысы туралы.
Партиялық бақылау комиссиясының отырысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша барлық хабарламалар тыңдалып, комиссия мүшелері тарапынан маңызды сұрақтар қойылып, хабарламашылар жауаптарын берді.
Комиссия отырысының нәтижесімен тиісті шешімдер қабылданып, хаттамалық тапсырмалар берілетін болады.
#AMANAT




