№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Цифры трансформация дегеніміз не?

Цифры трансформация дегеніміз не?


ХХІ ғасыр цифрлы трансформацияның алтын кезеңі. Яғни әлем елдерінің дамуы, экономикасы мен әлеуетінің артуы, бәсекеге қабылетті болуы цифрландыруды игерумен байланысты. Кез келген саланы цифрландыру, бұл – елдің өркениет көшіне ілесуінде, қозғаушы күшке ие болады. Демек цифрлы трансформация дегеніміз – жаһанданудың жаңа кезеңін қалыптастырушы жүйе.


Коронавирус әлсіз тұстарымызды көр­сетіп, дамытуға тиіс саланы айқындап берді. Бір байқағанымыз, пандемия қыспаққа алған кезде цифрландыру өміріміздің ажырамас бөлшегі екенін терең түсіне түстік. Белгілі болғандай, еліміздің цифрлы жүйелері үдеріске шыдамай, білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау сынды маңызды салаларда электронды қызмет түрлері тұралағаны белгілі.
Осы мәселелерді ескерген Мемлекет басшысы соңғы Жолдауында цифрландыру ісіне ерекше тоқталып, оны енгізудегі стратегиялық мақсат-міндеттерді белгілеп, нақты межені айқындады. Әсіресе шалғай елді мекендерді кең жолақты интернетке қосу жұмыстарына айрықша ден қойыла бастады. Өйткені интернетсіз заман көшіне ілесу мүмкін емес. Бұл жүйе әсіресе білім беру саласына ауадай қажет, әр сабақты өткізіп алмау үшін оқушылар мен студенттерге интернет желісі үздіксіз қызмет етіп тұруы тиіс.
Жалпы Қазақстанда 6 341 ауылдық елді мекен бар екенін ескерсек, ұялы байланыс операторлары арасында қол қойылған ынтымақтастық меморандумы шеңберінде 928 елді мекендерді кең жолақты мобильді интернетпен қамту жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл меморандум 928 ауылдық елді мекенді мобильді интернетпен кең қамтуды көздейді. Мәселен, Жаңақорғанда былтыр бірнеше ауыл кең жолақты интернет желісіне қосылды. Сөйтіп, 4G желісі ұстайтын ауылдар саны артты. Тек Көктебе елді мекенінде осы мәселе өзекті екені белгілі.
Ауылдық округтердің жай-күйі белгілі, бірақ кенттегі кейбір аумақтарда интернет нашар ұстайды. Саяжай, МАИ бекеті мен Қорғантоғай көшесінде кейбір ұялы байланыс желісі өте төмен. Кешкі мезгілде интернет жылдамдығы баяулайды. Ол түсінікті, бірақ осы интернет, әлеуметтік желіні игілігімізге идіріп жатырмыз ба? Осы сауал төңірегінде енді іздене бастадық. Бұл көбіне шағын және орта бизнес өкілдеріне қатысты мәселе.
Мәселен, Аmazon-ды үлгі ретінде келтіруге болады. Бұл компания технологияларды ұтымды үйлестіре білді. Amazon ашқан азық-түлік дүкенінде касса мен сатушы мүлдем жоқ. Дүкенге кіру үшін смартфонда QR-кодты сканерлеу керек. Ақылды камералар сөрелерден алған тауарларды есептеп, дүкеннен шыққанда смартфоныңызға чек жібереді. Жуырда Ұлыбританиядағы ең ірі сауда жүйелерінің бірі – Sainsbury’s де Лондонда алғаш кассасыз дүкен ашты. Болашақта осы технологияны қолдану дүкендерде сауда жасауды мүлдем өзгертуі мүмкін. Міне, трансформацияның бизнестегі рөлі осыда. Жалпы трансформация барлық саланы қамти алады. Тек дұрыс бағытта қолдана алсақ болғаны.
Бұған қоса, мемлекеттік қызметтерді пайдалану кезінде биометрикалық анықтау тәсілі енгізілді. Сол себепті «Цифрлы құжаттар» сервисі іске асырылып, 9 цифрлы құжат алуға мүмкіндік қарастырылды. Оның ішінде азаматтардың жеке куәлігі, некені тіркеу немесе бұзу туралы, баланың туу туралы және аты-жөнін ауыстыру туралы куәліктер, сондай-ақ жүргізуші куәлігі, білімі туралы диплом, студенттік билет және ПТР-тест нәтижесі қамтылған.
Барлық анықтаманы қағаз форматынан онлайн түріне ауыстыру мақсатында оның тізімін анықтап, тиісті ведомствомен біріктіруге байланысты жұмыстар жалғасып жатыр. Мәселен, қазір қағаз анықтамаларды онлайн форматқа ауыстыруға бағытталған оннан астам жоба сәтті жүзеге асырылды. Нақты айтқанда, Kaspi.kz қосымшасы арқылы жеке кәсіпкерлікті рәсімдеу жобасы, донорлыққа келісімді тіркеу, қорғаншылар мен қамқоршыларға төлем тағайындау және өзге осы сынды жұмыстар сәтті іске асыры­лып келеді. Осылайша, қазақстандықтарға мемлекеттік органдардың кабинеттеріне барып, анықтама іздеудің қажеттілігі жоқ.
Бұдан былай жеке басты куәландыратын құжаттар «eGov Mobile» қосымшасында цифрлы форматта қолжетімді. Енді оны керек кезде ұсыну үшін үнемі алып жүрудің қажеті шамалы. Смартфон арқылы жүргізуші куәлігін немесе жеке куәлікті көрсетуге болады. Қазір бұл мүмкіндікті заңнамалық тұрғыда бекіту мәселесі пысықталып жатыр.
Қорыта айтқанда, цифрлы транс­формацияның мақсаты – барлық қызметтің цифрландыруға көшуінде. Бұл болашақтың талабы, өйткені кез келген саланы трансформациялау арқылы уақыт үндемлігі мен даму тетігін тезірек игеруге итермелейді.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
27 қаңтар 2021 ж. 2 312 0