№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ЕКПІНІ

ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ЕКПІНІ

Елбасы Жолдауында 2020 жылы мемлекеттік қызметтерді 90 пайыз электронды форматқа көшіру жүктелген. Бүгінгі таңда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметке сандық технологияны енгізу қарқынды жүруде. Бұл жөнінде жақында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беру кездесуінде әлеуметтік еңбек саласын цифрландыру барысы жайлы айтып берді.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда Еңбек және халықты әлеуметтк қорғау министрлігіндегі 38 мемлекеттік қызметте 12-і электронды форматта, 3-уі белсенді, 7 қызмет композитті, кешенді түрде көрсетіледі екен. Мәселен, бала тууына байланысты жәрдемақы тағайындау бойынша қызметтер өтінішсіз немесе белсенді көрсетіледі. Оған қоса, зейнетақы төлемдері бір өтініш бойынша кешенді әрі композитті тағайындалады. Ведомство басшысы: «Елбасы Қазақстан халқына жолдауында электронды мемлекеттік қызметтердің үлесін 2019 жыл 80 процентке, 2020 жылы 90 процентке жеткізуді міндеттеген болатын. 2019 жылы электронды және белсенді форматқа әлеуметтік-еңбек саласынан тағы 22 мемлекеттік қызметі көшіріледі», – деп атап өтті.
Расында цифрландыру бірінші кезекте қызмет көрсету саласынан басталуы керек. Өйткені, мемлекеттік қызмет сапасын арттырып, тұрғындардың уақыты мен жол шығынын азайту және қажеттіліктеріне кедергісіз қол жеткізу болып табылады. Осы бағытта ауданда «Е-халық» ақпараттық жүйесіне тұрғындарды енгізу белсенді жүзеге асу үстінде. Бұл – ауылдық округ әкімдерінің шаруашылықтар бойынша кітабының электрондық нұсқасы болып табылады. Осы бойынша халықтың саны мен құрамын ескеру, ауыл бюджетін қалыптастыру және шығыстарды жоспарлау үшін пайдаланатын болады.
Бүгінгі таңда аталмыш пилоттық жобаға жаңақорғандықтардың 70 проценті электронды базаға енгізілген. Бұл жөнінде аудандық «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесі директорының орынбасары Бейбіт Балабеков айтып берді.
– Негізі «Е-Халық» ақпараттық жүйесі елдімекендегі нақты халық санын анықтауды, ішкі және сыртқы көші-қон мониторингін жүргізуді, әлеуметтік әлсіз санатқа жататын және жұмыссыз, өзін жұмыспен қамтыған азаматтар есебін жасауды қатамасыз етеді. Оған қоса, еңбек ресурстарын тең ұстауға, қажетті әлеуметтік мекемелерді болжауға, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді өзектілендіруге мүмкіндік береді. Қолда бар дерекке сүйенсек, аудан бойынша елді мекен тұрғындарының 70 пайызы осы ақпараттық жүйеге енгізілді, – дейді Бейбіт Балабеков.
Сондай-ақ аудан әкімі аппаратының цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторинг бөлімінің әдіскері Ерболат Нұржанұлының айтуынша, ауданда жергілікті атқарушы органдармен 100 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бар екен.
– Аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін 100 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бар. Оның 31 түрі мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілсе, 26 қызмет қағаз жүзінде, 43 қызмет электрондық нысанда көрсетіледі. Аудан бойынша 2019 жылдың 5 айлық қорытындысы бойынша 29 266 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 8853-і мемлекеттік орган арқылы қағаз түрінде болса, баламалы түрде мемлекеттік орган арқылы 12662 көрсетілген. Ал, электрондық және мемлекеттік корпорация арқылы – 7751 көрсетілді. Демек, электронды қызмет көрсету үлесі 26,4 пайызды құрап отыр, – дейді Ерболат Нұржанұлы.
Бұдан бөлек, қазіргі таңда мобильді үкімет қосымшасы да күнделікті тұрмысқа дендеп еніп келе жатқан жаңа үрдіс. Ол мемлекет пен халықтың виртуалды байланысын қалыптастырып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуды барынша жеңілдетуге көмектеседі. Қазір қолданысы енді ғана дағдыға айналып келе жатқан сервистің аз уақытта халық жиі қолданатын платформаға айналуы Қазақстанды озық отыз елдің қатарына енуге жақындата түседі. Не десек те, цифрландыру – жаһандық үрдіс. Бұл үрдіс бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуды және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды тездетеді. Сондықтан кабинет жағаламай, қарапайым мемлекеттік қызметті электронды түрде алуды бүгіннен бастап игілікке икемдеуіміз қажет.

Әбдісамат ӘБДІШ
10 шілде 2019 ж. 1 246 0