№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ

«Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу». Бұл Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан үзінді. Бұдан бөлек «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты да – еліміздің жаһандағы озық отыздықтың қатарына енуі. Бәсекеге қабілетті ел болып, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде қуатты мемлекетке айналу – Қазақстанның бағдары.


Бүгінгі «Озық отыз ел» айдарына алып шаһар Гонконг таңдалды. Жаһандағы ең озық қала арасында экономикалық даму көрсеткіші бойынша үздіктер қатарында. 1997 жылдан бері Қытайдың арнайы әкімшілік ауданы болып келеді. Ішкі экономикасы мен саясатын Гонконгтің өзі жүргізеді. Ал сыртқы саясаты мен қорғанысты Қытай қамтамасыз етіп отыр. Бүгінде Гонконг Әкімшілігін Бас министр басқарады. Оны 800 адамнан тұратын сайлау комитеті таңдайды. Әлемнің ең бай қалаларының бірі болғандықтан «Әлемнің он алтыншы бай қаласы» деп айтылады. Өйткені, мұндағы орташа жалақы 9 мың доллар, көршілес Қытайға қарағанда 20 есе көп. Жаһандағы ең миллиардерлері көп жерде осы Гонконг. Жалпы халық саны 7 млн. болса, әрбір миллион тұрғынға үш миллиардерден келеді. Гонконг экономикалық еркіндік деңгейі жоғары елдердің тізімінде соңғы 24 жыл бойы қатарынан бірінші орында келе жатыр. Ол мүмкін болған 100 балдан 90,2 балл жинаған. Мұнда жан басына шаққандағы ЖІӨ 36796 долларды құрайды. Бүкіл әлемдегі инвесторлар мен кәсіпкерлер Гонконг – нақты экономикалық кереметтің жарқын мысалы деп айтады.
Хош. Бір жарым ғасыр ағылшындардың билігінде болған Гонконг дамудың таза капиталистік жолын таңдап, шаруашылық пен өндірісті жүргізу тәсілін қабылдаған. Экономикасы еркін нарыққа, төмен алым-салыққа, мемлекеттің кәсіпкерлердің ісіне араласпауына негізделген. Сол үшін де Гонконгты французша айтқанда Laissez-faire, бизнестің мазасын алмайтын нағыз капитализмнің үлгісі ретінде айтады. Бұл қалада кәсіпкерлікпен айналысудың оңайлатылғаны соншалықты тиісті органдар өте қысқа мерзімде жауап береді. Үкіметтің барлық заңнамалары мен қағаз-құжаттары ашық, қолжетімді етілген. Жалпы Гонконг Үкіметі өздерін табысқа жеткізген 4 мүмкіндікті айрықша атайды. Бірінші, байланысқа қолайлы орта. Екінші, тілдесуге ыңғайлы ағылшын тілі. Үшінші, өте төмен салық, кәсіпкерлікпен айналысудың оңтайлы жол. Төртінші, кәсіптік даярлығы мен жоғары жалақы.
Гонконг – әлемдегі ең маңызды қаржылық және сауда орталықтарының бірі. Нақтырағы Нью-Йорк пен Лондоннан кейінгі үшінші орынға ие. Оған қоса, әлемдік компаниялардың штаб-пәтері шоғырлану деңгейінен Азия-Тынық мұхиты аймағында үздік үштікте. Айта кететіні Гонконгтың салық жүйесі ағылшын үлгісінде қалыптасқан. Яғни компаниялардың резидент және резидент емес компанияларға бөлінуі жоқ және салық салудың аумақтық принципі бірдей. Акциздер өндірістің орнына қарамастан, тек қана төрт түрлі тауардан алынады. Капиталдың табысы, дивидендтер, проценттер, шетелден алынған не шетелге жіберілген роялти салық жоқ.

ҚАЗАҚСТАНМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Гонконгпен ынтымақтастық Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің маңызды бөлігі болып табылады. Қазақстанмен Гонконг арасындағы өзара тиімді қатынастарды дамытудың негізі 2001 және 2006 жылы Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың ресми сапары кезінде қаланған. Бүгінгі таңда тараптар екіжақты сауданың әлеуетін толық ашуға және өзара сауданы кеңейтуге күш салуда, оның көлемі 2016 жылы Қазақстан кедендік рәсіміне сәйкес 19,449 мың АҚШ долларын құраған. Жалпы біздің елдің Гонконгқа экспортының негізгі элементі түрлі металл бұйымдары, кеңсе жабдықтарының қосалқы бөлшектері. Сонымен қатар бүгінгі таңда «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында Гонконгпен ынтымақтастыққа үлкен көңіл бөлінуде. Өйткені, Гонконг 24 жылдан бері әлемдегі ең еркін экономиканың мәртебесін сақтап келе жатқан халықаралық қаржылық орталық ретінде тәжірибесімен бөлісуге және жаңа аймақтық қаржы хабын дамытуға қолдау көрсетеді.
Иә, әлемдік қауымдастық Оңтүстік Азия мен Оңтүстік Шығыс Азияның бірқатар елін бейнелі түрде «Азия жолбарыстары» атайды. Себебі, соңғы жарты ғасыр көлеміндегі бұл елдердің экономикалық өрлеуі расында жолбарыстың секірісі секілді. Тарихи өлшеммен алғанда өте аз мерзім ішінде артта қалған мешеу елден осы заманғы озық технологияны, электрониканы жетік меңгерген алдыңғы қатарлы индустриалды елге айналды.

Әбдісамат ӘБДІШ
03 тамыз 2019 ж. 957 0