№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ДАНИЯНЫҢ ДАРА ЖОЛЫ

ДАНИЯНЫҢ ДАРА ЖОЛЫ

«Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты – Қазақстанның жаһандағы дамыған 30 елдің қатарына кіруі. Бәсекеге қабілетті ел болып, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде қуатты мемлекетке айналу. Ал, енді біз айтып, жазып жүрген әлемдегі дамыған озық отыз елдің кезекті мемлекеті – Дания.

Бұл – теңіз жауынгерлерінің елі. Мұнда адам өмірі қымбат, ал өмір сүру одан да қымбат. Өйткені адамзат өркениетінің шыңына жеткен елдің негізгі тұрғындары – даттар. Сосын Дания – жер бетіндегі ең бақытты адамдардың елі болып саналады. Неге десеңіз, Англиядағы Лестерс универ­ситеті жүргізген тәжірибелік жұмыстар Дания патшалығында ең бақытты адамдардың тұратындығын анықтаған. Таби­ғи өнімдер мен «экологиялық таза» өмір салты Дат халқы үшін аса маңызды. Осыдан тура 10 жыл бұрын өткен бүкіләлемдік сауда жәрмеңкесінде Дат елі жаһандағы ең экологиялық таза өнім қолданушы мемлекет деп танылды. Ендігі кезекте бәсекеге қабілетті елдер арасында үздік ондықта тұрған Дат елінің экономикалық көрсеткішіне тоқталсақ.
Дания қазіргі нарықтық экономикасы фармацевтика, тасымалдау және баламалы қуат көзі саласында жетекші әлемдік корпорацияларымен танымал. Елдегі кішігірім жоғары технологиялы ауыл шаруашылығы айтарлықтай экспорттық әлеуетке ие. Ал постиндустриалды экономикасы оның ЖІӨ-ге қосқан үлесі бойынша 71 процент, өнеркәсіп – 26 процент, ауыл шаруашылығы – 3 процентке басым. Халықтың 79 проценты қызмет көрсету секторында, 17 процент өнеркәсіп және 4 проценті ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Өнеркәсіп саласы бойынща өндіріс ошақтары елдің батыс өңірлерінде және Фунен аралында шоғырланған. Шикізат өнімдерінің 60 проценті эспортталады. Сатылымдардың төрттен бір бөлігі машина жасау бөлшектері болып табылады. Негізінен даниялық компаниялар жел генераторларын, тоңазытқыш жабдықтарын, сымсыз телекоммуникациялық жабдықты, элек­трон­дық өнімдерден және басқа да озық технологияларды өндіруде жетекші орынға ие. Оған қоса, Дат елі энергияны қамтамасыз ететін Еуро Одақтағы жалғыз мүше. Әсіресе, қалпына келтірілетін энергия көздері, соның ішінде био, жел мен күнді пайдалануда көшбасшы болып табылады. Мәселен, 2011 жылдан бастап ЖІӨ-де жаңартылған қуат көздерін пайдаланудан түскен табыс бойынша жаһанда бірінші орынды әлі ешкімге бермей тұр. Бір ғана осы саладан табыс көлемі 10 миллиард еуроға жеткен.
Жалпы мемлекет тарапынан белсенді түрде қолдау көрсетілетін елдің визуалды имиджі экологиялық ауыл шаруашылық өндірісі. Бұл елде ауыл шаруашылық саласында 120 000 адам жұмыс істейді. Жоғары технологиялық және қарқынды ауылшаруашылық өнімдері әлі күнге дейін ел экспортының үштен бір бөлігін құрайды. Десе де мемлекет экономикасының әлсіз тұсы да бар. Ол – салынатын салық мөлшерінің тым жоғары болуы. Әлемдік сарапшылар «салық мөлшерінің тым жоғары болуы әсіресе, бизнес саласында бәсекеге қабілеттілікті төмендетіп жіберіп отыр» деген пікірде. Өйткені, Дания жаһандағы ең жоғары жалақы төленетін мемлекет.
***
Біздің ел тек бәсекеге қабілетті елдерді үлгі етіп қана қоймай, олармен экономикалық әріптестік бағытында тығыз қарым-қатынас орнатқан. Бірден айта кету керек, екіжақты қатынастарды дамыту жолында Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың Дания Корольдігіне жасаған бірнеше ресми сапарлары маңызды орынға ие. 2017 жылы екі елдің тауар айналымы – 162,6 млрд. АҚШ долларын құраған. Оның ішінде, экспорт – 70,0 млн. доллар, импорт – 92,6 млн. доллар. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Оған қоса, инвестиция тарту бойынша да нәтижелі жұмыс бар. Мәселен, 2005 жылдан 2017 жылға дейін Даниядан Қазақстанға келген тікелей инвестицияның жылғы ағыны 56,2 млн. АҚШ долларына тең. Ал дәл осы аралықта Қазақстаннан Данияға бағытталған тікелей инвестицияның ағыны 6,4 млн. АҚШ долларын құраған. Біздің елден негізінен минералды өнімдер экспортталған. Ал Дат елінен Қазақстанға химия өнеркәсібінің өнімдері, машина мен жабдықтар, технологиялық аппараттар және тамақ өнеркәсібінің өнімдері импортталған. Қолда бар дерекке сүйенсек, бүгінгі таңда Қазақстанда даттық бизнесмендермен 40-қа жуық бірлескен кәсіпорын тіркелген. Олардың қатарында:ы «Novo Nordisk» (фармацевтика), «MDE Consult APS Kazakhstan» (консалтингтік қызметтер), «Castrol А/С» (отын шикізат өндірісі және сатылымы), «Young Refrigeration APS» (тоңазыту аппаратарының өндірісі мен сатылымы) сияқты дат компаниялары жұмыс істейді. «Саулет Порса Систем» (жиһаз жасау), «Тред Линк Алматы» ЖШС (халық тұтынатын тауарларды көтерме бағамен сату), «Централ Азия Сафари» ЖШС (туризм), «Ян Интернешнл Казахстан» ЖШС (халық тұтынатын тауарларды көтерме бағамен сату), «Danfoss» (жылу есептегіштердің қосалқы заттарын жеткізу) сияқты бірлескен кәсіпорындар өз қызметтерін іске асыруда.
Қорыта айтқанда, әлемнің ең дамыған отыз елінің алғашқы ондығынан ойып тұрып орын алған Данияның жетістікке жету жолындағы құпиясын сарапшы мамандар мемлекет саясатының әу бастан білікті кадр жасақтауға бағытталуымен байланыстырады. Табиғи ресурстары тапшы болса да, қолда барды ұқсатып пайдалануда. Оған қоса, Дат билігі отандық экономиканы әртараптандыруды ерте кезеңнен бастап қолға алған. Міне осындай жаңашылдыққа деген жаңа көзқарас елді нарықтық экономикаға бейімдеді.

Әбдісамат ӘБДІШ

10 шілде 2019 ж. 1 303 0