Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Азия жолбарысына" айналған Малайзия

"Азия жолбарысына" айналған Малайзия


Малай тілінде «Азия жолбарысы» атанған Малайзия – шағын бизнестің дамуына ең көп жағдай жасап отырған жаһандағы 10 мемлекеттің бірі. Қолайлы инвестициялық климат және мүдделі салық саясаты Малайзияны дамыған елдер қатарынан бір-ақ шығарды. Осыдан 70 жыл бұрын Англияның боданында болған ел бүгінде экономикасы қарыштап дамыған, салық деңгейі төмен мемлекеттің біріне айналды. Мұндай табысқа жетудің бірден-бір құпиясы – бюрократшылдықты жеңу, бизнес жүргізудің оңтайландырылған түрі және коррупциялық кедергілердің жоқтығы. Бұл ел жемқорлыққа тегеурінді тосқауыл қоя білген әлемдегі үздік мегаполис. Бәсекеге қабілетті отыз елдің ішінде 22-орында тұр. Жасыратыны жоқ, бүгінде әлемдік қауымдастық Оңтүстік Шығыс Азияның бірқатар елдерін бейнелі түрде «Азия жолбарыстары» деп атайды. Өйткені, соңғы жарты ғасыр көлеміндегі бұл елдердің экономикалық өрлеуі расында жолбарыстың әрекеті мен секірісі секілді.


Ішкі нарықтың айтарлықтай аз бол­ғанына қарамастан, Малайзия эконо­микасы жаһандық нарықтың жұмысына белсенді қатысады. Мегаполис шаһар­дың экономикасы – дүниежүзілік көр­сеткіш бойынша әлемдегі бесінші ашық экономика ретінде танылды. Макроэко­номикалық деңгейде ол сыртқы қарыз­дарсыз, жоғары мемлекеттік кіріссіз және резервтік капиталдың үнемі өсуінсіз, жаһандағы ең тұрақты экономиканы сақтап тұр. Яғни, резервтегі мұнайы мен газы жоқ болса да, мемлекет ретіндегі аумағы өте аз болса да Малайзияның басқа көшбасшы елдер арасында көш бастап тұрғаны нағыз табандылық. Ендігі кезекте, «Азия жолбарысы» атанған мегаполистің үздік бизнес бағдарларын бағамдасақ. Бірден айта кету керек, мұнда – өнеркәсіптік өндіріс, сұлулық пен денсаулық саласы, электронды тауар, интернет-маркетинг қарқынды дамыған. Әсіресе, телекоммуникация бойынша Оңтүстік-Шығыс Азияның негізгі телекоммуникациялық орталығының бірі ретінде танымал. Ұялы байланыс не интернет қызметін ұсыну болсын, тұтас нарық бар. Оған қоса, биотехнология Малайзиядағы қарқынды өсіп келе жатқан индустрия болып табылады. Соңғы жылдары шетелдік инвесторлардың назарын көбірек тартуда. Бұл саланы дамыту үшін биотехнология саласындағы әлемдік көшбасшы қалалық мемлекетке айналу үшін нық қадам жасады. Тәуелсіздігін алғаш алған жылдары Жапонияның жетекші фирмалары мұнда өздерінің жинау мен жинақтау цехтарын ашып, табысты жұмыс істей бастады. Көп өтпей-ақ Малайзия үлкен сұранысқа ие электрондық тауарларды шығарудан алдыңғы орындарға шығуға септігін тигізді. Бұл өз кезегінде экономиканың едәуір артуына ықпал етті. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге мамандар даярлайтын арнайы бағдарламалар да бар. Мемлекет өз қаражаты есебінен шағын бизнесте жұмыс істегісі келетін, бірақ, білім-қабілетін жетпейтін адамдарға қолдау көрсетеді. Яғни, оқуға кететін шығынның 90 пайызын мемлекет өзі өтейді.

ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚОМАҚТЫ ҚОЛДАУ

Малайзияның бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылуына зор ықпалын тигізген тұлға бар. Ол – Махаткир Мохамад. 22 жыл бойы Малайзияның Премьер-министрі болып, реформатор ретінде ел тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырды. «Біз о баста Ұлыбританияның отары болдық. Ал ол елде әуелден капиталға ешқандай шектеусіз еркін нарық қалыптасқан. Сол бізге көп нәрсені үйретті». Бұл Махаткир Мохамадтың жиі айтатын қанатты сөзі. Ол өзі билік еткен жылдары ешкімнен ешқандай пара алмай, басқалардың да алуына жол бермей, осында келіп бизнеспен айналысқысы келетін қытайлық және үнділік кәсіпкерлерге қолдау көрсетті. Әрі жергілікті кәсіпкерлерді солардан үйреніп, солардың деңгейіне жетуге шақырды.
Шетелдіктер мен жергілікті халық құқықтық жағынан теңестірілді. Инвес­торлар барлық салық түрінен босатылып, жұмыс істеулеріне қолайлы жағдай жаса­лынды. Шетелден инвестиция тар­тып қана қоймай, өзіндегі ауқатты адамдарды елдің экономикасын дамытуға қаржы салуға қызықтыра білді. Қысқасы, кәсіпкерлермен дұрыс қарым-қатынас орнатып, олардың үкіметтің «жауына» емес, іскер әріптестеріне айналдыра білді. Сырттан келген инвесторлардың компанияларында малай­зиялықтардың жұмыс істеуі міндеттелді. Бүгінде Малайзияның ЖІӨ-нің көлемі 450 млрд. доллар. Жан басына шаққанда 15,8 доллардан келеді. ЖІӨ-нің құрылымы сан салалы. Мәселен, өнеркәсіп 33,5 процент, қызмет көрсету саласы 59,1 процент, ауыл шаруашылығы 7,3 пайызды құрайды. Бұдан қызмет көрсету мен өнеркәсіптің жетекші рөл атқаратынын аңғарамыз. Оған қоса, сыртқы сауда Малайзияның экономикасында айрықша жолы қалыптасқан. Жылына шамамен 130 млрд. доллардың тауары сыртқа шығарылып, 100 мрлд. доллардың тауары сырттан әкелінеді. Яғни экспорттың үлес салмағы басым. Сыртқы саудадағы ең негізгі әріптесі – АҚШ. Екі ел арасындағы тауар айналымы 40 млрд. доллардан асады. Мұнан соң, Сингапур, Жапония, Қытай, Тайланд еліне де түрлі тауарларды экспортқа шығарады. Айтқандай, туризм саласы Малайзияда көршілес Сингапур мен Таиланд еліндегідей жоғары деңгейде болмағанымен кейінгі кездері бұл салада қолға алынып, дамуы қарқын ала бастады. Әсіресе Куала-Лумпурды көруге келетіндер қатары жыл санап артуда.
Сонымен қатар, Малайзия әлем бойынша халал индустриясының көш басында келеді. Бұл ел жоғары стандарттарға ие халал өнімдерінің ірі экспорттаушысы болып саналады. 2020 жылы Малайзия әлемдік халал индустрияның орталығына айналады деген болжам бар. Өйткені осы уақытқа дейін малайзиялық 500 компания шариғат талабына сай тауар өндіретіні жөнінде халықаралық сертификат алып үлгерген. Мәселен, бір ғана штатының өзінде халал сертификатына 300-ге жуық компания ие болған. Әу баста стратегиялық-саяси жоспар негізінде адал стандарт бойынша арнайы заң қабылданған. Заңға сәйкес елде өндірілетін тағам, гигиеналық заттар, дәрі-дәрмек толығымен халал сертификаттауынан өтуі тиіс. Қазіргі таңда жаһандағы 1,8 миллиард мұсылманның басым бөлігі халал стандартын іздеп жүріп қолданады. Бұл бағытта аты әлемге мәшһүр малайзиялық алпауыт компаниялар мұсылман әйелдеріне халал косметика өнімдерін ұсынып отыр. Ақпарат ретінде айта кету керек, танымал Thomson Reuters агенттігі 2020 жылы халал индустрияның әлемдік нарықтағы көлемі 2,6 трлн АҚШ долларына жетеді деп болжам жасады. Сарапшылар әсіресе бұл стандарттағы азық-түлік өнімдеріне сұраныс артатынын мәлімдеді. Бұл бағытта малайлықтардың ұпайы түгел.
Түйін сөзді Махаткир Мохамадтың тәмсілімен тәмамдасақ. Ол Малайзияның қарқынды дамуының құпиясын 3 сөзге біріктіріпті: Меритократия, прагматизм және адалдық. Расында солай. Оған қоса, тақырыпты зерттеу барысында түйгенім, малайлықтардың шарықтауына – оның табиғи, географиялық жағдайы ғана емес, биліктің ел мүмкіндіктерін барынша пайдалануы, жоқтан бар жасауға деген ұмтылысы, адами капиталға баса көңіл бөлінуі һәм мемлекеттің мықты болуына деген жанашырлығы мен жанқияр еңбегі әсер еткен. Астын сызып тұрып айтсақ, бұл жаңадан құрылған, тәуелсіздігін енді ғана алған мемлекеттер үшін қажет рецепт.

Әбдісамат ӘБДІШ
26 қараша 2019 ж. 2 298 0