№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бизнесі бәсекеге қабілетті ел

Бизнесі бәсекеге қабілетті ел


Тәуелсіздігін шөл далаға құрған Израиль әлем картасында 71 жылдан кейін өмір сүру деңгейі жоғары дамыған елдердің қатарына енді. Бүгінгі таңда бұл мемлекет әлемнің экономикалық дамыған ондығына кіреді. Standard & Poors халықаралық рейтинг агенттігі 2018-2021 жылдары Израильдің экономикасы жыл сайын 30 пайыздан астам өсетіні жөнінде болжам жасады. Экономистер өздерінің жеке тұтынуы, жаһандық корпорациялардың инвестициялары және қызметтер экспорты көлемінің өсуі себебінен негізгі факторларды атайды.


Негізі бұл ел экономикалық ай­мақ­тарға бөлінген. Мәселен, Тель-Авив – өнеркәсіп, сауда және қар­жы орталығы. Ал, Хайфа – порт индустриясы. Яғни, аумағына ауыр индустрияны шоғырландырған. Он­да жүк және балық аулаумен айна­лысады. Иерусалим – бүкіл әлемнің туристері мен діндарлардың отаны. Елдің оңтүстігі мен батысында ауылшаруашылық саласы дамыған. Соңғы бірнеше онжылдықта ауыл­шаруашылық технологиясы, жоғары технологиялық өнеркәсіп және алмас өнеркәсібі саласында жаһандағы ең жоғары деңгейдің біріне айналған. Бұл елде барлық алмаздың 40 проценті өңделеді. Зерттеу және дамыту саласында Израиль әлемдегі ең үздік 10 елдің қатарына кіреді. Жалпы, бұл бағыттың 80 проценті экспортталады.
Бизнес ашу үшін ережелерді сақта­саңыз болғаны. Қалған құжат мәселесі оңтайландырылған. Мемлекет шағын кәсіпорынға құрал жабдықтарды жаңар­туға, технологияны жақсартуға, өнімге деген сұранысты ұлғайтуға қолдау көрсетеді. Елдегі бизнесті мақсатты түрде бюджеттен қаржыландыруды, әрбір министрлік пен ведомство өз шығын­дар бюджетіне шағын бизнеске жұмсайтын қаржыны кіргізеді. Кәсіп­орындар жеңілдетілген салық мөлшер­лемесін қолданады. Жалпы бұл елде медициналық қызмет пен туризм бизнестің тиімді түрі болып саналады. Медициналық туризмнің дамығандығынан кез келген шетелдіктің жөйттердің қолынан ем қабылдауға қаржысы жете бермейді. Өйткені, әлемдегі ең қымбат клиникалар осында орналасқан. Бұл өз кезегінде ел экономикасының туристік индустриясының дамуына ықпал етеді. Осыдан 3 жыл бұрын Forbes журналы құрастырған «Бизнесті жүргізу үшін ең үздік елдер» рейтингі бойынша, Израиль жаһанда 30-орынға ие болған.
Сонымен қатар, салық базасы – Израиль қазынасының маңызды элементі. Өздеріңізге белгілі, табыстың өсуімен табыс салығының пайыздық үлесі де артады. 16 жастан бастап табыс салығы алынады. Салық мәдениеті өте жақсы дамыған. Егер салық төлеуден жалтарсаң жазасы тым ауыр. Мәселен, салық есептілігін бұзғаны үшін 1 миллион шекелді айыппұл салынады. Ал егер бірнеше жылдар бойы салық төлемесеңіз, түрмеден біра-ақ шығасыз.

Әбдісамат ӘБДІШ.
25 мамыр 2019 ж. 851 0