№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бүгінгі «Озық отыз ел» айдарына Біріккен Араб Әмірлігі елі таңдалды

Бүгінгі «Озық отыз ел» айдарына Біріккен Араб Әмірлігі елі таңдалды

«Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу». Бұл Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан үзінді. Бұдан бөлек «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты да – еліміздің жаһандағы озық отыздықтың қатарына енуі. Бәсекеге қабілетті ел болып, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде қуатты мемлекетке айналу – Қазақстанның бағдары.

Бүгінгі «Озық отыз ел» айдарына Біріккен Араб Әмірлігі елі таңдалды. Басты себеп – жақында ғана әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілік рейтингін түзетін IMD халықаралық зерттеу институты жаңа көшбасшыларды атады. Мұндағы жаңалық бәсекеге қабілетті елдердің Топ-10 қатарына Біріккен Араб Әмірліктері кірді. Сарапшылар жаһанның 63 елінде 4 бағыт бойынша бәсекелестік орта құру және бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаған Үкімет шараларын бағалаған. Нәтижесінде АҚШ, Швейцария, Дания, Швеция сынды алпауыт елдер қатарына БАӘ кірді. Бұл мемлекеттің көшбасшы елдер қатарынан көрінуге озық технологиялық инфрақұрылым құру, білікті кадрлар, бизнес ашудың және жеңілдетудің тәртібі оңтайландырылғаны есепке алынды.
Хош. Экономикадан бейхабар адам «табиғаты тамылжыған Швейрация болса бір сәрі. Күні күйіп тұрған, сахарада қандай бизнес орта?» деп ойлауы мүмкін. Алайда бұл қате пікір. Бүгінде Біріккен Араб Әмірлігі экономикасы өркендеп, әлеуметтік жағдайы жоғары деңгейге жеткен, шөл даладан «Швейцария» жасаған мемлекеттің бірі. Мұнда реэкспорт, яғни өзге дамыған елдерден сапалы тауарлар тасымалдап сату, сауда-саттық, мұнай мен газды сыртқа шығару саласы жақсы жолға қойылған. Бір ғана мұнай өндірісі небәрі он жыл ішінде елдің экономикасын аяққа тұрғызып, тұрақты дамуын қамтамасыз етті. Дубай коммерциялық орталығы және оның аралас еркін сауда аймағы Джебел Әли шет елдерден мол инвестициялық қаржы тарта білді. Аталмыш қаладағы Рашид және Фуджейра портты қаласында әлемдегі ең қолайлы контейнерлер қойылған. Сондықтанда жылына үш миллионнан астам контейнерлік жүктерді тасымалдап жіберіп отырады.
10 қыркүйек 2019 ж. 1 481 0