№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сингапурды "аралап қайтқан" Әбдісамат Әбдіш

Сингапурды "аралап қайтқан" Әбдісамат Әбдіш

Малай тілінде «Арыстан қала» атанған Сингапур – шағын бизнестің дамуына ең көп жағдай жасап отырған жаһандағы бес мемлекеттің бірі. Қолайлы инвестициялық климат және мүдделі салық саясаты Сингапурды дамыған елдер қатарынан бір-ақ шығарды. Осыдан 45 жыл бұрын ауыз су мен құрылысқа қажетті құмды импорттаған ел бүгінде экономикасы қарыштап дамыған, салық деңгейі төмен мемлекеттің біріне айналды. Мұндай табысқа жетудің бірден-бір құпиясы – бюрократтықты жеңу, бизнес жүргізудің оңтайландырылған түрі және коррупциялық кедергілердің жоқтығы. Бұл ел жемқорлыққа тегеурінді тосқауыл қоя білген әлемдегі үздік мегаполис.

   Ішкі нарықтың айтарлықтай аз бол­ғанына қарамастан, Сингапур эко­но­микасы жаһандық нарықтың жұмы­сына белсенді қатысады. Мегаполис шаһардың экономикасы – дүниежүзілік көрсеткіш бойынша әлемдегі екінші ашық экономика ретінде танылды. Мак­роэкономикалық деңгейде ол сырт­қы қарыздарсыз, жоғары мем­ле­­кет­тік кіріссіз және резервтік ка­питалдың үнемі өсуінсіз, жаһандағы ең тұрақты экономиканы сақтап тұр. Яғни, резервтегі мұнайы мен газы жоқ болса да, мемлекет ретіндегі аумағы өте аз болса да Сингапурдың басқа көшбасшы елдер арасында көш бастап тұрғаны нағыз табандылық.
  Ендігі кезекте, «Арыстан қа­ла» атанған мегаполистің үздік биз­нес бағдарларын бағамдасақ. Бір­ден айта кету керек, мұнда – өнеркәсіптік өндіріс, сұлулық пен денсаулық са­ласы, электронды тауар, интернет-маркетинг қарқынды дамыған.
Әсіресе, телекоммуникация бойын­ша Оңтүстік-Шығыс Азияның негізгі телекоммуникациялық орта­лығының бірі ретінде танымал. Ұялы байланыс не интернет қызметін ұсыну болсын, тұтас нарық бар.
  Оған қоса, биотехнология Синга­пурдағы қарқынды өсіп келе жатқан индустрия болып табылады. Соңғы жылдары шетелдік инвесторлардың на­зарын көбірек тартуда. Бұл сала­ны дамыту үшін биотехнология сала­сындағы әлемдік көшбасшы қалалық мемлекетке айналу үшін нық қадам жасады. 2005 жылы ұзақ мерзімді ауқымды жобаның бөлігі ретінде биополис қазіргі орталығы жұмыс істей бастады. Онда үлкен материалдық, қар­жылық және интеллектуалды әлеует шоғырланған. Бұл орталықта Еуропа, Америка және Азия ғалымдары жұмыс жасайды.
   Әсіресе, Сингапурда элек­трон­­­дық өнеркәсіп пен туризм, теңіз тасымалы қарқынды да­мып ке­леді. Жаһандағы ең ірі жүк порты да осы шаһарда орна­ласқан. Айрықша атап өтерлігі, туризмнің көзін тапқан бірден бір ел. Бар жоғы 4,5 млн. халқы бар кішкентай ғана арал-мемлекетке жылына 6-8 млн. адам саяхаттап келеді.
  Бас тақырыпта айтқандай, әр­бір оныншы тұрғын миллионер. Кәсіпкерлікке ынталы тұрғын­дар­­­ға мұндай мемлекеттік қол­дау қомақты. Жалпы бүгінде бұл елде ресми тіркелген 150 мың­­нан астам шағын және ор­та бизнес кәсіпорны бар. Ел­дің ЖІӨ 30 пайызын осы ком­паниялар қамтамасыз етеді. Ал осы компаниялардың үздіксіз, әрі тұрақты жұмыс істеуі үшін Сингапурде Spring деп аталатын бірегей агенттік құрылған. Атал­­­мыш агенттіктің мақсаты – кәсіп­керлерге консалтингтік, бухгал­терлік, мониторингтік және басқа да жүздеген бағдарламалар арқылы кәсіпкерлерге көмек қо­лын созады. Оған қоса, мега­полис шаһарда шағын биз­несті қаржыландыру, оған не­­сие­­лер бөлу жеңілдетілген принцп­термен беріледі. Соны­мен қатар, кәсіпкерлерге маман­дар даяр­лайтын арнайы бағдар­ламалар да бар. Мемлекет өз қаражаты есебінен шағын биз­несте жұмыс істегісі келетін, бірақ, білім-қабілетін жетпейтін адамдарға қолдау көрсетеді. Яғни, оқуға кететін шығынның 90 пайызын мемлекет өзі өтейді. Ең бастысы Сингапурде салық саясаты өте жақсы жолға қойылған жә­не жеңіл. Мәселен, заңды тұл­ғаларынан шығындардың бә­­рін алып тастағаннан кейінгі қа­латын та­быстың 18 пайызы ғана салық ретінде ұсталады. Ол үшін заңды тұлға осы елде ғана тіркелген болуы тиіс. Ал, жеке тұлғалардан ұсталатын салықтың мөлшері оның жылдық мүлкінің көлеміне қарай 4 пайыз деңгейінде.
  Түйін сөзді Ли Куан мектебінің деканы Кишор Махбубанидің тәм­сілімен тәмамдасақ. Ол Синга­пурдың қарқынды дамуының құпиясын 3 сөзге біріктіріпті: Меритократия, прагматизм жә­не адалдық. Расында солай. Оған қоса, тақырыпты зерттеу ба­рысында, мегаполис шаһардың шарықтауына – оның табиғи, гео­­графиялық жағдайы ғана емес, биліктің ел мүмкіндіктерін барынша пайдалануы, жоқтан бар жасауға деген ұмтылысы, адами капиталға баса көңіл бөлінуі һәм мемлекеттің мықты болуына деген жанашырлығы мен жанқияр еңбегі әсер еткен. Астын сызып тұрып айтсақ, бұл жаңадан құрылған, тәуелсіздігін енді ғана алған мемлекеттер үшін қажет рецепт. Соңғысы, аралдың 70 пайыздан астам халқының этникалық қытайлардан тұра­тыны да «Арыстан қаланың» қарышты дамуына өзіндік әсерін тигізгені хақ.

27 қараша 2018 ж. 2 519 0