№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» «СЕРПІН»: СЫР ЖАСТАРЫН ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ

«СЕРПІН»: СЫР ЖАСТАРЫН ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ


№110 мектеп-лицейге Қазақстанның батыс, солтүстік және шығысындағы 22 оқу ордасынан ағарту саласы өкілдері келіп, "Серпін" бағдарламасы бойынша құжат тапсыруды түсіндірді. Сондай-ақ, шарада Қызылорда қаласындағы 12 колледж ұстаздары да бой көрсетіп, бағдарламаларын таныстырды.


«Серпін» бағдарламасы бойын­ша сұрақтарға алдымен Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің өкілі Абай Берікұлы жауап берді:
– Қазақстандағы белді жоға­ры оқу орнының бірі – ҚарМУ студент­тердің заманауи білім алуына жан-жақты мүмкіндіктер береді. Университетте 12 оқу ғимараты, ғылы­ми кітапхана, «Интернет» телекоммуникациялық орталығы, медиатека, баспахана жә­не т.б бар. Бәрінен бұрын, сту­денттер үйі (жатақханасы) заман талабына сай жауап береді, – деді.
Одан кейін Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Орал, Аты­рау қаласынан келген білім ордасының өкілдері сөз алып, уни­вер­­ситет­терінің артықшылығын, сту­дент­терге жасалған жағдай­ларды баяндады.
Олардың сөзінше, «Серпін – 2050» жаңа білім беру бағдар­лама­сы жастар арасындағы жұмыс­сыздықты төмендетуге және елі­мізді қажетті маманмен қамта­масыз етуге бағытталған. Тағы бір артықшылығы, бағдарлама аясын­да оқып жатқан студенттерге магистратура мен докторантурада білімін жалғастыру мүмкіндігі көп.
Жалпы, «Серпін» бағдарламасы 2014 жылдан бастап жүзеге асуда. Бағдарламаның мақсаты – халқы тығыз орналасқан елдің оңтүстік аймақтарындағы (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облысы) жастарды кадр жетіспеушілігін бастан кешіріп отыр­ған Қазақстанның шығыс, сол­түс­тік және орталық өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.
– Облыстық білім басқармасы­ның ұйытқы болуымен өткізілген шараға ауданның барлық мектептерінің 9, 11 сынып оқушылары қатысты. Жастар «Серпін» бағдарламасына байланысты мағлұматтарды біліп, оқуға түсетін оқу орындарын бағдарлағаны анық. Кездесу соны­сымен құнды дер едім, – дейді аудандық білім бөлімінің бас мама­ны Ардақ Рыспанбетова.
Айта кететіні, соңғы үш жыл­да бағдарлама бойынша 340 жаңақорғандық түлек грант иеге­рі атанды. Бағдарламаның артық­шылығы көп. Яғни, грант иесі атанады. Оқуға барып-қайту жола­қысы мен жатақханасы да шешілген. Ең бастысы, жұмыс орнымен қам­тамасыз етіледі.
Бірінші кезекте бұл мүмкіндікті жоғарыда аталған өңірлердің биыл­­ғы ҰБТ-ға қатысып, әртүрлі дең­гейде балл жинаған барлық бітіруші түлектері, сонымен қатар кешенді тестілеуден өткен колледж түлектерінің де және мектепті бұрынырақта бітірген жастар да толығымен пайдалана алады.
Кездесуге келген оқушылар «Сер­пін» бағдарламасы жайлы ақпа­­раттарға қанығып, өздерінің мұ­рат­тарын айқындады. Соның бірі – №51 мектептің 11-сынып оқушысы Алихан Болат.
– Мен «Серпін» бағдарламасы ая­сында оқығым келеді. Себебі, қазір­гі уақытта бітіруші түлектердің көбі­сі заңгер, қаржыгер сияқты мамандықты таңдайды. Онда грантқа түсу мүмкіндігі аз. Жұмыс та табыла қоймайды. Қазіргі нарықта аспазшы, қонақжай қыз­меті, дәнекерлеуші деген сияқ­ты мамандықтарға сұраныс көп. Сондықтан техникалық маман­дық­тың бірін таңдаймын, – дейді біті­руші түлек.
Жоғары оқу орнына құжаттарды тапсыру кезеңінде 4 оқу орнын таңдауға мүмкіншілік бар екендігі белгілі. Шекті балға (50 балл) жетпеген талапкер колледждерге тапсыруға және шығармашылық емтихандар арқылы қабылданатын мамандықтар бойынша грант иегері бола алады.
«Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша барлық оқу орындарына құжаттарды қабылдау және шығармашылық емтихандар Қызыл­орда қаласында өткізіледі. Жоғары оқу орындарға құжат қабылдау мерзімі шілде айының соңына дейін болса, нәтижесі тамыз айының алғашқы он күндігінде шығатыны айтылды. Ал колледждерге құжат­тар 20-тамызға дейін қабылданады. Сол себептен ЖОО-ға грант иеле­нуге үміті ақталмаған түлектер техникалық колледждерге түсуде қосымша бағын сынап көруге болатыны сөз болды.

Лаура БИБАСАРОВА.
---
25 мамыр 2019 ж. 921 0