№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Америкада дәріс оқитын қазақ қызы

Америкада дәріс оқитын қазақ қызы


1993 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалып, сол уақыттан бері көптеген қазақ жас­тары шетелдің озық оқу орындарында білім алып келе жатқаны белгілі. Осындай жастардың бірі өскемендік Райхан ТОҚПАТАЕВА «Болашақ» бағдарламасы арқылы 2010-2011 жылдары Американың Индиана штатының Уэст-Лафейетт қаласындағы Purdue университетінің магистратурасын тәмамдаған болатын.

Содан кейін елге оралып, Астанадағы Назарбаев Университетте 2012 жылдың соңына дейін жұмыс істеген бойжеткен қазір АҚШ-тың жоғарыда аталған оқу орнының PhD докторантурасында оқиды. Жақында Өскеменге қысқа мерзімге демалысқа келген «Болашақ» түлегімен аз-кем сұхбаттасудың сәті түскен еді. 13.06.2018 447 Facebook Twitter Google+ Pinterest Vkontakte Telegram – Райхан, сіз Purdue уни­­вер­­ситетінде шетелдік сту­дент­терге инженерлік мате­риал­дар пәнінен сабақ береді екенсіз.
– Әңгімемізді бастамас бұрын осы мүмкіндікті пайдаланып, қаншама қазақ жас­­та­рының шетелде білім алуы­на мүмкіндік берген елі­мізге, Мемлекет басшысына алғысымды білдіргім келе­ді. Өзіме келер болсам, қазір аталған университеттің азаматтық құрылыс факульте­тінде материалтану, оның ішін­де бетонның жаңа түрлері бойынша дәріс оқимын. PhD доктор болсам да қызметкер ре­тінде жұмыс істеймін. Мұн­да докторанттарға студент ретінде қарамайды, қызмет­кер ретінде қарайды.
  – Өскемендегі Д.Серік­баев атындағы Шығыс Қа­зақ­стан мемлекеттік уни­вер­си­тетінде білім алға­ныңыз­ды білеміз. Сабақ беру барысында айырмашылықтарды аңғарған боларсыз. – Мен қазір жұмыс істеп жүрген азаматтық құрылыс факультетінің құрамына көлік-логистика саласы да енеді. Бір байқағаным, мұнда үй салмас­ бұрын тұрғызылатын жер­­дің топырағын зерттеу­ге ерек­ше мән беріледі. То­пы­рақ­тың құрамы жан-жақ­ты тексеріледі. Тағы бір аң­ғарғаным, бізде бір профессор асфальттан да, керамикадан да сабақ жүргізе беретін бол­са, бұл жақта олай емес. Оқы­тушылар бір салаға ғана маманданған. Керамикадан дәріс беретін профессор бетоннан сабақ бермейді.  Америкадағы университет­тердің біздің елдегі жоға­ры оқу орындарынан айыр­ма­шы­лығы, бәлкім артық­шылығы әртүрлі мекеме­лер­мен бірле­се жұмыс іс­тей­ді.
 Мәселен, Purdue уни­­­вер­ситеті жолға, құры­лыс­қа қатысты ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан. Біз­дегі «Қазавтожол» секілді жол­ға жауапты мекемелер уни­верситетке тапсырыс береді. Мысалға, құрылыс бары­сындағы орын алған кем­шіліктерді анықтау үшін уни­верситеттің көмегіне жүгінеді. Үшінші тарап ретінде. Мұ­ның пайдасы не дерсіз? Біріншіден, үшінші тарап бейтарап қөзқарас ұстанады. Тамыр-таныстық, бармақ бас­ты, көз қыстылық болмайды. Екіншіден, студенттерге ақы төлейді. Олар сабақ қана оқы­майды, табыс табады
. – Шетелдік студенттерге дәріс беріп жүрсіз. Олар­дың сабаққа қатысуын, қызы­ғушылығын қалай баға­лайсыз?
– Америка – эмигранттар елі. Жан-жақтан келетін адам көп. Содан да болар, студенттер арасында бәсеке­лестік өте жоғары. Ірі компаниялар студенттерді 2-курс­тан бастап өндірістік тәжі­рибеге шақырады, жалдайды, ақшасын төлейді. Әрине оған кез келген студент қа­былданбайды. Қойылар талап күшті. Сондықтан студент­тер сабақтан қалмауға, жақ­сы оқуға тырысады. Онда «университетті әйтеуір бітір­сем, диплом алсам болды» де­ген көзқарас жоқ. Студент өзі үшін оқиды. Біздегідей «Бір топта оқимыз, топтаспыз, доспыз» деген де ұғым жоқ. Бір-бірін бәсекелес ретінде көреді. Сабақта бір-бірінен көшірмейді. Көшіруге жол бермейді. Көшірген жағдайда бір-бірін көрсетіп отырады. Плагиат, интернеттен көшіріп алу дегеніңіз кешірілмейді ол жақта. Америкада студенттер пән­­­ді, мұғалімді өздері таңдай алады. Сонымен қатар семестр сайын оқытушыларды әр сабақ бойынша бағалайды. Бұл бағалаудың маңызы жоға­ры. Келесі семестрде ассис­тент боласың ба, болмайсың ба, оны студенттер шешеді. Сондықтан оқытушылардың студенттер алдындағы жауап­кер­шілігі өте жоғары. 
 – Демек, оқытушыларға қойылар талап күшті. 
 – Иә, Америкада универ­ситет­ке жұмысқа тұру оңай ша­руа емес. Іріктеу бір­не­­ше кезеңнен тұрады. М­ә­се­­лен, сіз докторантура бі­тір­­діңіз бе, әуелі универ­си­тет­ке түйіндемеңізді ұсы­на­сыз. Түйіндемеңізді жақсы­лап қарағаннан кейін әңгімеле­суден өтесіз. Одан соң кампус­қа келіп, бір күн лекция оқи­сыз. Оған студенттер де, профессорлар да қатысады. Содан кейін барып қана тиісті шешім шығарылады. 
 – Сіз 2017 жылы үз­дік оқы­тушы ретінде Эстус және Вашти Магун атын­да­ғы сыйлықпен, бетон жа­бын­­дылары саласындағы ғы­­лыми зерттеуіңіз үшін Аме­рика бетон жолдары қауым­дастығының грантын және материал саласындағы ғылыми зерт­теуіңіз үшін Виллиям Долч атындағы грантты екі мәрте (2013, 2016 жылдар) иелен­ген екенсіз. 
 – Мұнда университеттің оқытушыларын ынталандыру жұмыстары жақсы жолға қойылған. Жоғарыда аталған Эстус және Вашти Магун деген кісілер Purdue университетінің түлектері. Түлектері ғана емес, тұрақты демеушілері. Олар жыл сайын үздік көрсеткішке ие оқытушыларға сыйлық тағайындайды. Ал Виллиям Долч осы университетте профессор болып қызмет атқарған. Ол кісінің атындағы грант та жыл сайын тағайындалып отырады. Ол жақта университетте сабақ беретін әрбір профессордың жеке зертханасы бар. Оларға зертханасын жабдықтау үшін көтерме ақы беріледі. 
– Оқытушылар жайында айтып қалдық қой. Олардың жұ­мыс жүктемесі қалай? Біз­­дегідей қағазбастылық бар ма ол жақта? – Оқытушылардың жұмыс жүк­темесі өте төмен. Қағаз тол­­тыру мүлде жоқ деуге бо­ла­ды. Мұнда бәрі онлайн. Жұ­мыс­тардың барлығы компью­тер арқылы атқарылады. Қа­ғаз­дан бас көтермей, шар­шап-шалдығып жүрген профессорды көрмейсің. Олар уақытының көп бөлігін ғы­лым­мен айналысуға, зертханасын, магистрант, докторант­тардан тұратын ғылыми тобын басқаруға, өндіріспен бай­ланыс орнатуға, зерттеу грант­тарына өтінім дайын­дауға жұмсайды. Бір семестрде бір ғана пән жүргізеді. Ла­бораториялық жұ­мыстарын біз, ассистенттер, жүргіземіз. Әрбір кафедрада өзінің әдіс­керлері болады. Қағаз жұмыс­тарымен негізінен солар шұ­ғыл­­данады.
– Докторантураны тә­мам­­даған­нан кейін елге қай­­туды жоспарлап жүрген боларсыз?
 – Иә, Алла сәтін салса,­ бұған дейін өзім жұмыс­ істе­ген Астанадағы Назар­баев Уни­верситетке оқытушы­лық­қа баратын шығармын. 
– Әңгімеңізге рахмет.  
Әңгімелескен  Азамат ҚАСЫМ,

14 маусым 2018 ж. 921 0