№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ПАВЛОДАРЛЫҚТАР ЖАРАП ТҰР

ПАВЛОДАРЛЫҚТАР ЖАРАП ТҰР

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастырумен өткен Универсиадаға еліміздің 38 жоғарғы оқу орындарынан  2000-ға жуық студент жастар қатысты.  Жалпы командалық есепте 6-шы орынды Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті иеленсе, 5-ші орынға Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті лайық деп танылды. 
Ал, 4-ші орынды С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 3-ші орынға Қарағанды мемлекеттік университеті жетті. Универсиаданың күміс жүлдесі Қостанай педагогикалық институтына табысталса, 1-ші орын, Алтын медальді  115 студент спортшысы қатысқан  Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті жеңіп алды. Дене шынықтыру кафедрасының мәліметінше, оқу орнының қыздар командасы  пауэрлифтинген, қысқы көпсайыстан 1-ші, шаңғыдан – 2-ші,  баскетбол мен футболдан – 4-ші, қысқы бағдарлаудан 1-ші орын алды. 
Жеңімпаздарды  университетте марапаттар күтіп тұр. Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Садық Мұстафаевтың  айтуынша, студенттердің  келесі жазғы Универсиадасы Ақтөбеде өтеді.         
Фарида Бықай, 
«Егемен Қазақстан».
11 наурыз 2018 ж. 1 498 0