№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» Қызылордадағы «Халықтық заңгер» республикалық акциясы

Қызылордадағы «Халықтық заңгер» республикалық акциясы

   2018 жылдың 30 қарашасында Қазақстанның ірі қалаларында алғаш рет «Халықтық заңгер» республикалық акциясы өтті.
 Аталған акция Қызылорда қаласында А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек ұсыну болып табылады.
Акция Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және «Параграф» ақпараттық жүйесінің, Zakon.kz желілік басылымының бастамасымен өткізілді.
Атап өту керек, биыл «Халықтық заңгер» акциясы Қазақстанда ғана емес, әлемде теңдесі жоқ жаңа форматта өтті. Яғни, акция бір күнде, бір уақытта еліміздің 19 ірі қаласында ұйымдастырылды. Олардың қатарында Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Өскемен, Петропавл, Орал, Қызылорда, Көкшетау, Талдықорған, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Тараз, Қостанай, Павлодар, Балқаш, Семей шаһарлары бар.
Бұл дегеніңіз жалпы бір уақытта 1000-ға жуық сарапшы халыққа көмек көрсетеді. Осыған орай «Халықтық заңгер» жалпыреспубликалық акциясын ұйымдастырушылар, шараны «Халыққа бір мезгілде тегін құқықтық кеңес беру» номинациясы бойынша "Гиннестің рекордтар кітабына" енгізуге өтініш берді. Өтініш қабылданып, қазіргі уақытта Гиннестің рекордтар кітабының комитеті өтінішті қарап жатыр.
Акция барысында үздік адвокаттар, заңгерлер, нотариустар, медиаторлар, сот орындаушылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, жалпы саны 42 заңгер 300-ден аса тұрғынға тегін құқықтық көмек көрсетті.
---
03 желтоқсан 2018 ж. 1 187 0