БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА
Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде «Алғыс айту – парызым!» салтанатты кеш өтті. Оған «Қоғамдық келісім» КММ, Жастар Ресурстық Орталығы КММ, «Атамекен» балалар үйінің тәрбиеленушілері, әртүрлі этнос өкілдері, колледж студенттері және ұстаздар өкілі қатысты.
Еліміздегі жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат- мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік 130-дан аса этнос өкілдері тұрады. Олардың салт – дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған.
Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде қазіргі таңда 16 түрлі этнос өкілдері білім алуда.
Салтанатты жиында «Жаным Қазақ», «Қазақ қызға үйленем» , «Алға Қазақстан» және кеш қонағы облыстық ассамблея жанындағы Жастар қанатының мүшесі Руслан Рызмановтың орындауында «Отан Ана» әндері шырқалып, колледж студенттерінің орындауындағы әртүрлі этностардың паппури биі биленді.