
Байкенженің туын биікте желбіретті
Байкенже ауылы аталғанда волейбол спорты ойға бірден оралады. Аядай ғана ауылдан қаншама талантты спортшылар шықты. Ел егемендігін алған тұстан бастап бүгінге дейін ауыл жастарының жеткен жетістігі, бағындырған белесі бір төбе. Ауданды былай қойғанда, облыстан олжалы оралып, республикада аймақ абыройын...






