Атакәсіпке адалдық
Қазақ халқының ежелгі атакәсібі – мал шаруашылығы. Оның ішінде қой түлігін ерекше қастерлеп бағалаған.Қысыжазы соңынан қалмайтын бейнеті көп қой түлігінің берер ризығы да мол. Қойдың жүнінен кілем тоқып, киіз басып, киім тігіп күнделікті тұрмыстарына тұтынған. Сүтінен айран, май, ірімшік, құрт жасап, етін азық ретінде пайдаланған. Қой малы қашанда қазақ халқы үшін табысты түлік. «Мал өсірсең қой өсір, табысы оның көл көсір» дейтіні сондықтан.
1970 жылдары Қазақстанда мал басын 50 миллионға жеткізу міндеті көзделіп шұғыл шаралар ұйымдастырылып қарқынды жұмыстар жүргізілді. Жер-жерден жастар бригадалары жасақталып, «екінші тың» аталған мал шаруашылығын өсіріп-өркендетуге белсене араласып кетті. Мектеп қабырғасын жаңа бітірген жас түлектер бірден шопандар бригадасына барып, еңбек жолын бастады. Жекелеген жастар өз алдына мал алып, шопан таяғын қолына ұстады. Солардың бірі Елшіманов Нұрділла Сейілбекұлы еді. Ол 1955-жылы 20 тамызда Ынтымақ өзенінің бойында жылқышы отбасында дүниеге келді. Әкесі Сейілбек немере ағасы Досжанға (жазушы Дүкенбай Досжановтың әкесі) көмекші жылқышы еді. 1957 жылдары ұсақ колхоздар совхозға біріктірілді. Сейілбек ақсақал жаңадан ашылған Бірлік совхозының №3 фермасының орталығы Қосүйеңкіге көшіп келіп, өз алдына совхоздан отар қабылдап алып, шопандық кәсіпке түбегейлі ауысады. Нұрділла 1962 жылы Жаңақорған кентінің орталығынан малшылардың балаларына арналып ашылған сегізжылдық мектепинтернатқа қабылданады. Мектеп бітірісімен әкесінің жанына келіп көмек беріп, қолғабыс жасайды. Әке жанында жүріп мал бағудың қыры мен Атакәсіпке адалдық Қазақ халқының ежелгі атакәсібі – мал шаруашылығы. Оның ішінде қой түлігін ерекше қастерлеп бағалаған.Қысыжазы соңынан қалмайтын бейнеті көп қой түлігінің берер ризығы да мол. Қойдың жүнінен кілем тоқып, киіз басып, киім тігіп күнделікті тұрмыстарына тұтынған. Сүтінен айран, май, ірімшік, құрт жасап, етін азық ретінде пайдаланған. Қой малы қашанда қазақ халқы үшін табысты түлік. «Мал өсірсең қой өсір, табысы оның көл көсір» дейтіні сондықтан. сырын үйреніп тағылым алып, тәжірибе жинақтайды. Жас та болса мал бағудың сырын ерте ұғып қаныққан Нұрділла атакәсіпке бет бұрып біржола шопан болуды мақсат етті. Байырғы майталман, орденді шопандар Рәш Мырзахметовті, Әбсадық Сәдібековті, Әбдіхалық Жаппаровты үлгі тұтты.
Осы тұста мал шаруашылығын өркендетуге үн қосып, бас шопан міндетін мойнына алып, қиындығы мен бейнеті зор шопандық кәсіпке бел шешіп кірісіп кетті. Ә дегеннен еңбегі жанып, тырнақтап жинаған тәжірибесі мен әке тағылымы өз нәтижесін бере бастады. Озат шопан атанып аудандық, облыстық жиындарға, кеңестерге қатысып, тәжірибесімен бөлісіп, жігерін жанып шыңдай түсті. Жас шопан мақтау, марапаттарға ілініп белгілі басылымдар бетінен көріне бастады. Жүлдегер шопан ретінде 1973 жылы Алматы қаласында өткен республикалық жас шопандар слетіне қатысып тәжірибе алмасып қайтты. 1975-1977 жылдары әскер қатарында болып жауынгерлік міндетін атқарып келді. Әскерден соң атакәсібін қайта жалғады. Нұрділаның жоғарғы көрсеткіштерге жетуіне жары Зүбайра інілері Нәзен (Нәрзілда) мен Ерғали көп үлес қосты.
Жыл сайын социалистік жарыстың жеңімпазы атанып, әр жүз бас саулықтан 140- 150-ден төл алып, қаракөл елтірісінің сапасын 80-85 пайызға жеткізіп, қойды өз төлінен өсіруде, жүн алуда жоғарғы деңгейдегі нәтижелерге қол жеткізді. Аудандық партия комитетінің пленум мүшесі, аудандық кеңестің депутаты болып сайланды. Бірнеше рет мерекелік медальдармен, төсбелгілермен марапатталды. 1986 жылы 3-дәрежелі "Еңбек даңқы" орденінің иегері атанды. Еңбектен қол үзбей жүріп 1988-1991 жылдары Қызылорда совхоз-техникумында оқып, фельдшерлік мамандығын алып шықты. Совхоз тараған соң осы мамандығы бойынша зейнеткерлікке шыққанша қызмет етті. Жұбайы Зүбайра қолы ашық, мінезі жұмсақ, қандай қиындықта да Нұрділламен бірге болып, бейнеті мол шопан кәсібіне бірге төзіп, бірге болды. Қақаған аязда, аптап ыстықта жарының жанынан табылды. Мал соңында жүріп 3 ұл мен 2 қызды дүниеге әкелді. Ұлдары ұяда, қыздары қияда. Екеуі де құрметті зейнеткер. Немерелерінің қызығын көріп отырған ардақты ата, аяулы әже. Ұлдары жеке кәсіпкерлер. Ерболы Астанада, Елдос Жаңақорғанда, Нұржаны Алматыда тұрады. Гүлдана қызы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Мектепте ұстаз. Айдана Түркістан қаласындағы өнер мектебінде биология пәнінен сабақ береді. Аязда қалып қол-аяқ үсіген күндер, боран соғып көз ілмей қой күзеткен түндер артта қалғанымен, бәрі күні кешегідей есте. Ферма басшылары Алтынбек Нұржігітов, Әбутәліп Бакиров, Жанай Жанпейісов, зоотехниктер Үсенбек Ермеков, Болат Исаев, малдәрігерлер Әбдіманап Бакиров, Қалдаяқ Қалтаев, Шайхслам Елбергеновтермен қоянқолтық бірлесіп жұмыс істеген жылдар естен шығар ма әсте?! 35 жыл шопан таяғын қолына ұстап, кәсібіне адал болған Нұрекең бүгінде елі сыйлайтын, ауылы мен ағайыны қадір тұтатын ел ағасына айналған.
Қалмұрат Мұсабекұлы