№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда ақылы жолға уақытылы төлем жасамағандарға жаңа айыппұл түрі енгізілмек

Қазақстанда ақылы жолға уақытылы төлем жасамағандарға жаңа айыппұл түрі енгізілмек


Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанда ақылы жолдарға уақтылы төлем жасамағандарға айыппұл салуды автоматтандыру процесі қаралып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы
Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің айтуынша, жолдардың сапасы оларды ұстау жағдайына байланысты болады. Елімізде республикалық маңызы бар 25 мың шақырым жолды ұстауға 80 миллиард теңге қажет екен.
"Бюджеткен ауырлық салмас үшін ақылы жолдарды енгізу жұмыстары жалғасатын болады. Қаражат жолдарды күтіп ұстауға, ағымдағы жөндеуге және техника сатып алуға бағытталмақ. Қазір ақылы жолдарда төлемді уақтылы жасамағандарға айыппұлды автоматтандыру процесі пысықталуда", - деді министр.
Қарабаев қайта жөндеуден өткен жолдарды нормативтік деңгейде ұстау мақсатында биыл ұзындығы 2 мың шақырым болатын тағы 11 жол учаскесі ақылы болатынын мәлімдеді:
•Қызылорда-Арал;
•Ақтөбе-Орынбор;
•Қостанай-Тройцк;
•Қостанай-Денисовка;
•Ақтау-Бейнеу;
•Қандыағаш-Мақат;
•Балқаш-Бурылбайтал;
•Бурылбайтал-Шу;
•Үшарал-Достық;
•Қарағанды айналма жолы;
•Тараз айналма жолы".
________________________________________
•Қазақстандағы ең ұзын жол тоннелі қашан ашылады: Көлік министрі жауап берді
•Қазақстанда жол жүру ережесі өзгермек
________________________________________
Көлік министрлігінің басшысы жергілікті жүргізушілерге жеңілдіктер қарастырылатынын атап өтті. Ақылы жолда негізгі жүктеме Қазақстан арқылы өтетін транзиттік автомобильдерге бағытталатын болады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта ақылы жолдардың жалпы ұзындығы 3,2 мың шақырымды құрайды. Өткен жылы ақылы жолдан 30 миллиард теңге жиналған.
09 шілде 2024 ж. 304 0