Түсінген жанға ұрпақ тәрбиесі өте үлкен ұғым. Ұрпағы тәрбиелі қауымның-ұлысы мықты, іргесі берік, шаңырағы биік, түлігі түгел, берекесі баянды, тірлігі байсалды болады. Бұл әлдеқашан дәлелденген аксиома....
Қазақ әйелі – елдіктің, биіктіктің өлшемі һәм белгісі. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесінде осынау ілтипат-ізгілікті сезіндік. Аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы мереке қарсаңында белсенді қыз-келіншектер мен аналарды қабылдап, құрмет көрсетті....
Ауданның өсіп-өркендеуінде нәзік жандылардың үлесі қомақты. Оларды құрмет тұтып, үлгі ету парасатты адамның ісі. Әйелдер мейрамында осыған куә болдық. Аудан басшысы түрлі салада тер төгіп, саналы ұрпақ тәрбиелеп, көптің тілеуін тілеп отырған аналардың шаңырағына арнайы бас сұғып, мерекемен құттықтады....
…Тобық деген адам: "Қазақ қит етсе, "бауырым-бауырым" деп шыға келеді. Неге осы өкпем-қолқам я болмаса қос бүйрегім деп айтпайды? – деп сұрайды әжесіне қадалып. "Осы кемпір бізді енді жекіп тастайды-ау" деп мен тыпырши бастаймын....
Ана! Неткен ғажап, асыл, керемет сөз десеңші! Мағынасы зор, ғибратты ұғым десек артық етпес! Ана – бұл әрбір адамның өміріндегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ардақтысы....
Қазақ халқында жеке адамның азамат болып қалыптасуында, қоғамның сүттей ұйып, берекелі ғұмыр кешуінде және сол қоғамның адами қағидаларды берік ұстана отырып дамуында ақ жаулықты аналардың рөлі зор. Тақырып ауанын Сыр елінің ишаны Қалжан ахунның айтқанымен бастасақ. «Қазақтың баласы еш уақытта адаспайды,...
Абай ұлтқа ортақ, ойы адамзатқа ортақ. Оның айтқан шығармасы, жазып кеткенінің бәрі адамзаттың кемелденуіне арналған. Абайды әлемдік деңгейге көтеру керек, ол үшін алдымен өзіміз тереңдеп тануымыз керек. Міне, осы мақсатта жер-жерде Абайды ұлықтайтын, оның шығармашалығын тануға бағытталған шаралар өтуде....