№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Анашым, бар ма сендей жан асыл?

Анашым, бар ма сендей жан асыл?


Қазақ әйелі – елдіктің, биіктіктің өлшемі һәм белгісі. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесінде осынау ілтипат-ізгілікті сезіндік. Аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы мереке қарсаңында белсенді қыз-келіншектер мен аналарды қабылдап, құрмет көрсетті.


– Күннің мейірлі шуағы артып, қасиетті Жер-Анамен бірге бар адамның тұла бойына нәр құятын көктем мерекесі, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын. Адамзат үшін анадан құдіретті, анадан ардақты, анадан қадірлі ешкім жоқ. Сондықтан мадақ пен құрмет аналар мен аруларға арналады. Қазақ әйелдері отбасының ұйытқысы ғана емес, олар қоғамды алға сүйреп, бірлік-берекені бекемдейтін қуатты, қозғаушы күш. Жаңақорғандық аналар халық санының өсіміне оң әсерін тигізіп, ұрпағына тәлімді тәрбие, саналы білім беріп келеді. Сондай-ақ, саясатта да, бизнесте де, қоғамдық жұмыста да белсенді, – деді аудан басшысы.
Мейірімділік пен сұлулық салтанат құрған осы күні ауданның алтын құрсақты аналары ерекше құрметке бөленді. Мерекелік қабылдауда айтылған бар ізгі тілектер аяулы аналар, қыз-келіншектерге арналды.
– Медицина саласында 30 жылға тарта еңбек етіп, зейнеттің бейнетін көріп отырған бақытты анамын. Шүкір, науқасқа қол ұшын созу өмірлік ұстанымыма айналды. Бүгін де науқастарға көмек қолын созуға дайын тұрамын. Мереке қарсаңында аудан әкімінің арнайы қабылдап, мерейімізді асырып жатқаны қуантарлық іс. Барша аналар атынан алғыс білдіремін, – деді Венера Бекенова.
Осы күні аудан әкімінің қабылдауында болған аналардың қатарында он бес құрсақты дүниеге әкелген 52 немере мен 27 шөберенің әжесі Күлайым Нүрдинова, он үш баланың анасы Бибісара Баркенова, он баланың анасы Әлия Балғабаева мен Тұрар Алтынбекова, тоғыз құрсақ көтерген Рабиға Бименова мен Пернекүл Бабажова, жеті баланың анасы Орынкүл Дәулетбаева, Шолпан Нұрымбетова, Макида Сыздықова мен Гүлжан Сәрсенбаева, алты баланың анасы Күнсұлу Жорабаева, Венера Бекенова, Айткүл Қадірова мен Нейла Кесебаева және төрт баланың анасы Қалдыгүл Дүйсенбаева бар. Ұрпағына тәлімді тәрбие беріп, ауданның дамуына үлес қосқан аналарға аудан әкімі Сұлтан Мақашов «Алғыс хатын» ұсынып, иықтарына шапан мен ақ орамал жапты. Сондай-ақ, мерекелік гүл шоқтарын табыс етті.
Сонымен қатар шара барысында «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Лаура Бибасароваға облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың «Алғыс хаты» табысталды.

Лаура БИБАСАРОВА
11 наурыз 2020 ж. 729 0