№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Әкімнің аналарға құрметі

Әкімнің аналарға құрметі


Ауданның өсіп-өркендеуінде нәзік жандылардың үлесі қомақты. Оларды құрмет тұтып, үлгі ету парасатты адамның ісі. Әйелдер мейрамында осыған куә болдық. Аудан басшысы түрлі салада тер төгіп, саналы ұрпақ тәрбиелеп, көптің тілеуін тілеп отырған аналардың шаңырағына арнайы бас сұғып, мерекемен құттықтады.


Әзиз аналардың батасын алмаққа аудан басшысы алдымен Фатима Тілеубаеваның үйінде болды.
ХХ ғасырдың 60-жылдарынан ел егемендігін алған уақытқа дейін ұрпақ қамы үшін еңбек еткен аналардың тілеуі бір, ол – ел аман, жұрт тыныш болсын. Дархан даланың пейіліндей болған кейуананың өнегелі өмір жолы ғибратқа толы.
– Қалыңыз қалай апа?
– Шүкір! Жақсымын, балам.
– Шаршамай жүрсіз бе?
– Әзірге денсаулығым жақсы. Құдайға шүкіршілік етіп, елдің амандығын тілеп отырамын, қарағым!
– Жағдайыңызды біліп, әйелдер мейрамымен құттықтау үшін келдік.
– Өркендерің өссін, айналайын. Менің жасымды берсін, – деп әже аудан басшысының ізеттілігіне алғысын жеткізді. Сөз арасында Жаңақорған кенті әкімінің міндетін атқарушы Есдәулет Сейлов:
– Апа, қандай бұйымтайыңыз бар? – деді.
– Қандай бұйымтай болсын, бізге елдің тыныш болғаны керек. Ұрпақтың қиындық көрмей, мәнді өмір сүргенін қалаймыз. Ең бастысы, өткен күндер тарих қойнауында қалып, бейбіт күннің берекесі кетпесін. Біз ұрпағымызбен мың жасаймыз ғой, – деді азиз ана.
Одан кейін Сұлтан Ысқақұлы Амила Әлімбетова, Хадиша Баязитованың шаңырағына арнайы бас сұқты. Аудан мәдениеті мен білім саласына үлес қосқан өмірі өнегеге толы жандарды мерекесімен құттықтаған ел ағалары мерекелік кәдесыйларын табыстады. Ақжаулықты аналар ел тізгінін ұстаған басшыларға ризашылықтарын білдірді.
Жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Ана сұлулығы жүзіндегі мейрімінен көрінеді» деген аталы сөзі әрбір әйел затына берілген баға. «Ана алдында – құрмет, Ата алдында – қызмет» ететін ұрпақ барда, елдіктің туы төмендемейтіні ақиқат...

Әли ТЕМІРБЕК
11 наурыз 2020 ж. 547 0