№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » "Қатқан қолтаңба" сатиралық әңгімесі

"Қатқан қолтаңба" сатиралық әңгімесі


Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мейрамын кеңінен тойлау енді-енді үрдіске айналып келе жатқан кез болса керек. Алматы қаласының бір алаңында ұлан- асыр той болып, ұлттық өнерлер паш етіліп, кітап жәрмеңкесі өтіп жатады. Сол жәрмеңкеге бір топ қаламгерлер шақырылады. Оларға ұзыннан ұзақ үстелдер қойып беріп, оқырманға сол жерде қолтаңба беруге жағдай жасайды. Қаламгерлер арасында Мұзафар Әлімбаев та бар екен. Қолтаңба беруден бір сәт босап қалып, айналасына қарап тұрса, дөңгелек жүзді жігіттің кімнен қолтаңба аларын білмей жүргенін байқап қалады. Бір жағы үлкен қаламгер ағаларынан именетін сықылды.
–Әй, балам, бері кел! –деп Мұзағаң шақырып алады. –Атың кім?
Қабай!
Қабай болса, давай!– дейді де оның кітабына былай деп қолтаңба жазып береді:Ұсындым кітап Қабайға,
Бізді де оқып, абайла.
Көңілімізді бермейміз,
Өзге түгіл Абайға.
Есімінің өлеңге енгеніне мәз болған Қабай, Мұзағаңа қайта-қайта алғысын жаудырып, танауын көтеріп, кете барыпты.
Ермахан Шайхыұлы.
«Атақты айтқыштар».
08 наурыз 2020 ж. 606 0