№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Бауырым


…Тобық деген адам: "Қазақ қит етсе, "бауырым-бауырым" деп шыға келеді. Неге осы өкпем-қолқам я болмаса қос бүйрегім деп айтпайды? – деп сұрайды әжесіне қадалып. "Осы кемпір бізді енді жекіп тастайды-ау" деп мен тыпырши бастаймын.
Әжеміз ошаққа жусанды уыс уысымен тастап, лапылдаған оттан көзін жазбай: "Сендер жігіт болып қалдыңдар ғой, керек десеңдер оны да айтайын. Лақап бойынша, құрсақта жаңадан жаралған шикі етте жүрек деген дүние болмайды, ол керекті қорегін кіндік ішегі арқылы анасының бауырынан "тартып" алады. Сөйтіп, нәресте анасының бауырынан қоректеніп, өсіп жетіледі. Оның қан айдайтын ет-жүрегі сосын ғана пайда болады. Сондықтан болар, қазақ жақсы көретін адамын әрдайым "бауырым" дейді, – деп бір тоқтайтын жарықтық. Мінеки, қазақтың байырғы анатомия пәні…" (Сәду Нұржаудан)
Бүгінде бұл сөзді тек туысқандарға ғана емес, көшедегі танымайтын адамдарға да "ағай, інішек, жерлес" деген сияқты, "бауырым" деп, қаратпа сөз түрінде жиі қолданады. Иә, бұл қолданыста да әдепті, сыпайы, іш тартқан жылы, жарасымды сөздің негізі жатқандай.

Материал Төлеуғали Есетұлының парақшасынан алынды.
10 наурыз 2020 ж. 1 157 0