№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ҚОЖАКЕНТ АУЫЛЫН ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚОЖАКЕНТ АУЫЛЫН ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елді мекендерді газдандыру қарқынын жеделдетіп, халықты табиғи газбен қамту деңгейін 80 пайызға жеткізу міндетін қойды.


Осы бағытта Жаңақорған ауданында да бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда.

Сырдария өзенінің бойында орналасқан Қожакент, Өзгент, Ақсуат, М.Нәлібаев, Жаңарық, Қыркеңсе, Байкенже және Билібай ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жоба әзірленген. Жоба «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ инвестициялық бағдарламасына енгізіліп, 2026–2027 жылдары кезең-кезеңімен іске асыру жоспарланған.

Бүгін аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан Қожакент ауылында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.

Жоба аясында Қожакентке дейін 33,037 шақырым жоғары қысымды газ құбыры және ауылішілік 34,707 шақырым төмен және орта қысымды газ тарату желілері салынады.

Құрылыс жұмыстарын «УНИВЕРСАЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС жүргізуде. Қазіргі уақытта жоғары қысымды магистральдық газ құбырының 32,5 шақырымы тартылып, ауылішілік газ желілерінің 10 шақырымы төселді.

Сонымен қатар, Өзгент, Ақсуат, М.Нәлібаев, Жаңарық және Қыркеңсе ауылдарында газ реттеуіш пункттерін орнату көзделген. Бұл елді мекендерді газдандыру жұмыстары 2027–2030 жылдары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Аудан басшысы жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауды, белгіленген мерзімде аяқтауды және жұмыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды.
02 қараша 2026 ж. 48 0