№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » АЯҚ СУ ЖҮЙЕСІН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

АЯҚ СУ ЖҮЙЕСІН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА


Жаңақорған ауданының Түгіскен ауылында тұрғындарды аяқ сумен қамтамасыз ететін Р-16-2 және Р-16-2-1 каналдарын тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда «Арна» мекемесінің мамандары аталған каналдарда тазалау және арнаны тереңдету жұмыстарын атқаруда. Жалпы ұзындығы 5 шақырымды құрайтын каналдарды тазалау су өткізу қабілетін арттырып, ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы алқаптарын аяқ сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгін аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан жұмыс барысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен белгіленген мерзімде орындалуына назар аударды.

Аудан басшысы ауыл әкіміне және жауапты мекеме өкілдеріне тазалау жұмыстарын сапалы жүргізіп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
02 қараша 2026 ж. 50 0