Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Тырнақтан тамған табыс

Тырнақтан тамған табыс



Ұстаз – ананың талабымен Ханзада мектепте жүргенде тек «бестікке» оқыды. Аудан орталығындағы №169 орта мектебін «Алтын медальға» тәмамдаған соң, сол кездегі Целиноград қаласындағы пединститутқа түіп, жоғары оқу орнын қызыл дипломға бітірлі. Еңбек жолын 1984 жылы өзі оқыған аудан орталғындағы №169 орта мектебінде ұстаз болып бастады.
Алғаш сыныпқа енгенде өзіне жәудірей қарап отырған шәкірттерге жағалай көз салып, сол күннен иығына артылған үлкен жауапкершілікті жан-жүрегімен сезінді. Сол күннен бастап әр баланы жеке тұлға ретінде танып, талабын, танымын, бейімін, болмысын, зейінін зерделеуге көшті. Ол неге қызығады, неге ынтызар, көңілінде не жатыр, тіпті үй-іші, әлеуметтік жай-күйі қалай, жаны жұмсақ, жүрегі мейірбан мұғалима жас қыздың бұл да назарынан тыс қалмады. Сол кездегі оқушысы Айгүл Тоқымованың «Қзыл-Ординские вести» редакциясына жолдаған хатында былай деп жазыпты: «Біздің жаңа сынып жетекшіміз Ханзада Нұрмаханқызы бізге бір көргеннен ұнады. Шырайлы жүзі, желкесіне ұқыпты түйілген шашы, тап-тұйнақтай бой-басына таңдана қараймыз. Ұқыптылық оның бүкіл болмысынан төгіліп тұр. Оның әрбіріміз үшін қалай жаны ауырып, жайымызды ойлайтыны есімнен кеткен емес. Сонымен қатар қатал да талапшыл еді. Өзінің пәні математикадан сыныпты мектепте үздікке шығарды»
Жаңақорғанның үздік түлектері – Ханзаданың шәкірттері
Соңғы он-он бес жылда біздің ұғымымызда «репетитор» тұлғалар пайда болды. Кез-келген ата-ана өзі қалаған ұстазға, ол қай мектептің оқытушысы болсын өтініш жасап, баласын жеке оқытуға мүдделілік туды. Ел үшін мұның үлкен жақсылығы бар. Осының арқасында Жаңақорғанның жас жеткіншектері математикадан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.
 Солардың ішінде өзіміз тілдесе алған шәкірттеріне кезек берейік. Балясникова Анастасия, №169 мектептің 2016 жылғы түлегі:
– Мен қазірде Мәскеудегі Ұлттық техникалық зерттеу институтының (МИС иС) метрология және стандарттау саласы инженері мамандығында оқып жатырмын. Мектепте жүргенде Ханзадап апайымның сабақтан тыс 5 тен 9 сыныпқа дейін қосымша оқытып, миямызға құйып берген формулалары санамызда сайрап тұр. Ханзада Нұрмаханқызына рахметін шексіз:
Бердиеав перизат:
– Мен АГУ-дың физика-математика факультетін бітіріп, магистратураны Литвада оқыдым. Қазірде Норвегия мемлекетінің Осло қаласында докторантурада оқып жатырмын. Сонымен қатар энерго-технологиялар институтында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысудамен. Алғашқы қадамымда балымды төмендеткен профессордың қатесін тауып, өзімдікін дәлелдеп шыққан жеңісімді Ханзада апайдың берген білімінің нәтижесі. Біз қаншалықты биікке шырқап, қанатымызды кең жазып ұша алсақ соның түбінде талапшыл-ұстазымыздың тынбай еткен еңбегі, маңдай тері бәрінен бұрын үлкен жүрегінің мейірімі жатыр.
Дәл осындай жүрекжарды лебіздерін жеткізген №163 мектептің түлегі, «Алтын белгі» иегері, бүгінде санжар Асфендияров атындағы медицина университетінің студенті Жанболат Икрам, ҰҚҚ арнайы оқу орнын Украина қаласында Қызыл дипломмен тәмамадаған Жеңіс Байзақов, қазірде Түркияда дәрігерлік қызмет атқарып жүрген Әнуар Изатов, алғашқы бітіруші түлектерінің қатарында Азан Сарқұлов сынды шәкірттерінің барлығының тілегі бір арнада тоғысып жатыр.
Ханзада Жакипованың шәкірттерінің көбі қазірде жолын жалғап ұстаздық етіп жүр. Олар Жана Сыздықова, Айгүл Батырбекова, Айгүл Абдуллаева, Ләззат Балабекова, осылайша тізбелей беруге болады. Олардың әрқайсысы аяулы ұстаздары туралы берер бағасы біреу. Ол – өз кәсібіне деген айнымас адалдығы дер едік.
Дарынды баламен жұмыс
Ханзада Нұрмаханқызы осы тақырыпта Асқар Жұмаділлаевтың лекциясына қатысып, көп бағыт-бағдар алды. Түйген білімін өз іс-тәжірибесіне кеңінен ендірді. №169 мектепте жүргенде басшылық эксперимент сынып ашып берген болатын. Әрбір оқу жылы қорытындысында ол оң нәтижесін беріп отырды.
2012-2013 оқу жылдары Ханзаданы аудандық білім бөлімі аттай қалап, қызметке шақырғандағы мақсат аудан мектептерінде ҰБТ-дан математикадан «екілік» көбейіп, күрмеулі мәселенің кілтін табуға табанды мамандар тіреу болды. Аудан мектептері ұстаздарымен қолма-қолтық жұмыс жасауға көшкен Жакипова Ханзада, Аширова Нұргүл сынды тәлімгерлер тест алып, мастер-класс өткізіп, сапаны көтерді. Аудан орталығындағы №163 мектептің республикаға әйгілі оқу ордасына айналуында да Ханзада Нұрмаханқызының қолтаңбасы айрықша. Қазірде ол аудан орталығындағы №110 орта мектеп-лицейін білім көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарға шығаруға шығармашылықпен жұмыс жасап келеді.
– Білмеймін, бүгінге дейін өзімнің тәрбиеме алған дәріскерлердің деңгейін арттырып, үздік сынып етіп шығара алғаным, сондай қабілетті балалар маңдайыма тап келетін тағдырдан ба, жоқ, бүкіл ықыласыңмен беріліп, қуатыңды сарқып жұмыс істесең алмайтын, ашылмайтын қасиет жоқ па, әйтеуір шәкірттерім маңдайалды болып келеді. Енді эксперимент ретінде ме, бірыңғай үлгірімі орташа, енжарлау сынып еншіме тиді. Меніңше, ұстаз үшін ең бастысы – бала тағдыры. Оларды жақсы, жаман деп бөлуге болмайды. Ал ұстаз ұстаз болып қалу керек қой. Мұғалімдікті тұрақты жалақысы бар деп кәсіп қылып, күн өткізіп жүретіндерді түсінбеймін. Ұстаздық атты құрметті мамандыққа бұлай қиянат жасауға болмайды, – дейді үлгілі ұстаз Ханзада Жикипова бізбен әңгімесінде.
Айтпақшы, үлгілі педагогтың көп марапаттары болмай ма? Бір өкініштісі, Ханзада бұл жағын қаперге алмай қағажу қала берген сияқты. Бірақ халықтың алдында беделі биік, елдің баласының обыр-сауабына келгенде еңбегі ерен.
Түйін: Бір шәкірт Евклидтен «Геометрияны оқу не пайда береді» деп сұраған көрінеді. Сонда Евклид қызметшіні шақырып алып: «Оқудан пайда тапқысы келіп тұр екен, мына балаға үш теңге беріңдерші» депті Күйгеннен айтқан ғой. Ақиқатында білімнен тапқан пайда дүниенің қазынасынан ауыр келері рас. Сол жолда ұстаз еңбегіне бүкіл адамзат басын иіп, тағзым етсе де жарасар!
Баян ҮСЕЙІНОВА.
24 шілде 2019 ж. 742 0