№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТАЛАНТТАРДЫ ТҮЛЕТКЕН

ТАЛАНТТАРДЫ ТҮЛЕТКЕН


«Жақсы ұстаз – мектеп жүрегі». Осындай бағаға №164 орта мектебінің ұстазы Дариха Құрбаназарова әбден лайық. Ұлағатты ұстаздың бойында адамгершілік асыл қасиеттер тұнып тұр. Біз қаншама жасқа тәлімді тәрбие, саналы білім берген ұстаздың жемісті еңбек жолын тарқата айтсақ.
Отыз жылға жуық еңбек өтілі бар ұстаз, ең алғаш еңбек жолын №239 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастайды. Кейін, отбасы жағдайына байланысты №164 мектепке ауысып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тізгінін ұстайды. Мектеп ұжымында парасатты педогогтың бірі болғандықтан жас мамандар жиі-жиі жөн сұрап мазалайды. Бірі көрнекі құралдарды қалай әзірлеу керектігін үйренсе, енді бірі тұрмысқа қатысты ақыл сұрайды екен. Кейіпкеріміз ауыл жастарына өмірден түйгені мен білгенін үйретуден жалықпайды екен.
Сабақтарға тиянақты дайындалу үшін білім ордасының кітапханасына үнемі бас сұғады. Кітапты жан серігіне айналдырған ұстаз жайында әріптестері: «Біздің Дариха апай кітапқа құмар. Тіпті, кейбірін бірнеше рет оқып, жаттап алған. Өте ыждағатты ұстаз. Біздің қорда жоқ кітаптарды арнайы сатып алып оқиды. Өзі баулыған шәкірттерін де кітап оқуға үйреткен. Сондықтан оның шәкіттері өте білімді, жетістіктері мол, – деді.
Шындығында оның баулыған шәкірттері түрлі додадан олжалы оралуда. Мейірімді мұғалимаға еліктеп, қазақ тілі мамандығын таңдаған Айман Жайпанова, Жансая Төрежанова, Гүлмира Әшімбекова, Ұлбала Қалымбетова грант иегері атанды.
ҰБТ-ке қатысқан 7 оқушының 5-еуі қазақ тілі пәні бойынша «бес» алып, Айгерім Бержембаева қазақ тілі пәні бойынша 25 балл жинап, «Үздік аттестат» иегері атанды.
Ұстаз оқытқан оқушылардың сөз сараптауы ерек. Тіл шеберлігін көрсеткен Жанар Әлімбекова Қазақстан телеарнасындағы «Сөзмерген» бағдарламасына қатысып, «Сөз мергені» атағын жеңіп алды. Ал, Жанна Өмірбек «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында ІІ орын, Алпамыс Ерназар, Баян Сейілханқызы ІІІ орын иеленген.
ҮІІІ Республикалық «Жырлайды жүрек»атты М.Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқудан және өлеңіне жазылған әндерден балалар арасындағы байқауының «Көркем сөз» номинациясы бойынша 5-сынып оқушылары Айман Санаққызы мен Ақжүніс Санақ ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ұстаз Дариха Нәлібайқызы шәкіртерін ғана емес, өзінің шығармашылық, біліктілік деңгейін көтере білген.
Мектептің құрмет тақтасында суреті ілінген ұстаз үйдегі тіршілігін, бала тәрбиесіне аса көңіл бөлетіндігін аңғару қиын емес. Бес қызы да анасына қарап бой түзесе керек-ті. Барлыға да мектептің үздігі, белсендісі әрі мақтанышы. Білім ордасындағы «Шәкірттер жетістігі» бұрышында оның шәкірттерінің қатары көп.
– Отыз жылдық жұмыс тәжірибемде білім мен бірге тәрбие беруді ұмытқан емеспін. Ұжымда татулық, бірлік, ұйымшылдық, жастарды жетістікке жетуге талпындырып, оның талантты жастарды талпындырып жүрген басшымыз Мейрамбек Бижекеевке ризашылдығымды айтқым келеді – деді кейіпкеріміз.

Мақпал МАРҚАБАЙ.
19 мамыр 2018 ж. 1 433 0