№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » САУАПТЫ ІСТІҢ Сыйы бөлек

САУАПТЫ ІСТІҢ Сыйы бөлек

  Алаштың анасы атанған Сыр бойындағы шежіреге толы көне өңірдің бірі –жазиралы Жаңақорған жері. Аудан аумағында діни-рухани, тарихи-мәдени және әулие-әмбиелердің кесенелері молынан кездеседі. Шүкір, еліміз егемендік алып, азаттықтың ақ таңы атқаннан кейін, дінімізбен ділімізді, тарих пен мәдениетті түгендей бастадық. Оған қоса, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы руханият әлемінің көкжиегін кеңейтіп, мәдени мұралардың маңыздылығын айқындай түсті. Әрі «Туған жер» бағдарламасы аясында бірқатар жобаларды жүзеге асыру керектігін мәлімдеген болатын.


Шүкір! Осы тұста, түлектер білім беріп, өмірге қанат қақтырған мектебіне тағзым етуді ұмытқан емес. Жыл сайын мектепті 10, 20, 30 жыл бұрын бітіргендер бас қосып, ұстаздарын ардақтап, мектепке сый-сияпатын жасап жатады. Кейінгі жылдары қайырымдылықпен ұштасқан игілікті істерді де көріп жүрміз. Сондай сауапты іске Кейден ауылдық округіндегі мектепті осыдан 10 жыл бұрын бітірген 1991 жылғы жастар ұйытқы болды.
1991 жылы есігі ашылған Алла үйінің іші құзданып, төбесінен су ағатын. Жастар құлшылық үйіне күрделі жөндеу жұмысын жүргізіп, көптің алғысын алды.
– Жастардың мұндай әрекеті көпке үлгі. Алла разылығы үшін ниет етілген әдеттер ғибадатқа айналатынын білген жөн. Алла елшісі (с.ғ.с) «Амалдардың қабыл болуы әрі сауапты болуы ниетке байланысты. Кімде кім неге ниет етсе, оның қарымтасын алады» деген. Демек әр іс, әр амал ниетке байланысты. Жастардың сауапты іске ниет еткендеріне ризамын, – деді ауданның бас имамы Сайдулла қажы Омаров.
Бақберген Жақыпбеков, Нұрмұха­ммет Кенжебаев, Асылжан Мекебаев, Сәбит Жайнақұлов мешітті жөндеуден бөлек, тұрмысы төмен отбасыларға жәрдем беруді ойластырады.
– Әрине, біз де 10 жылдық кездесу кешін өзгелер секілді дүркіретіп өткізгіміз келді. Алайда, ауылдағы Алла үйінің бүгінгі келбеті біздерді бей-жай қалдырмады. Сондықтан, қолымыздан келгенше мешітке жөндеу жұмысын жүргізуге тырыстық. Себебі, сауапты іс игілікке бөлейді, – деді Бақберген.
Жастардың бастамасына ауыл хал­қы разы. Әр жылдары мектепті бітірген түлектер тойханаларда ақша­сын шашқанша, халықтың игіліне айналатын сауапты істерге ұйытқы болғаны дұрыс дейді.
– Ғибадат үйі жөндеуді күткеніне көп болған-ды. Той тойлатқанша сауапты іске ұйытқы болған жастар көпке үлгі. Оларға Алла разы болсын! – дейді ауыл әкімі Бақтияр Тоқтыбаев.
Иә, мешіт – имандылықтың ордасы. Санаңа сансыз сәуле себетін, көкірек көзіңе ізгілікті кіргізетін имандылық үйі. Бір анығы, бір кездері мешіт салуға дәме де, дәрмен де болмады. Сондықтан, рухани құндылықтардан көз жазып қалдық. Анығында, өз дінімізді өзектен теуіп өгейлік көрсетуге отаршыл ел күштеді. Алайда, дінге берік қазақ ұлты азбады, тозбады. Қайта Тәуелсіздік алған бойда ата дінді істеп тауып, шариғатпен өмірін өрнектей бастады. Міне, соның айғағы осы Алла үйі. Келешекте Кейдендегі мешіттен иманды жас ұрпақтары тәрбиеленіп шығады деген сенім мол. Ең бастысы – діңгегі мықты дініміз әділеттілік пен тазалыққа бастап жер – жерде имандылық үйлері көптеп бой көтеруде.

Әли ТЕМІРБЕК.

18 маусым 2019 ж. 1 191 0