Түлектер тартуы
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-кұрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Әсіресе, «Туған жер» бағдарламасы бұл бағыттағы жалпы ұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады» деген болатын. Иә, жақын адамына, туған өлкесіне жақсылық жасау қазақтың қанына біткен қасиет. Бүгінгі таңда, мұндай қолы ашық, қайырымдылыққа жаны құмар жандар жетерлік. Осы тұста, «Ауылына қарап, азаматын таны» демекші, Қаратөбе ауылында сауапты іс жасалды. Ауылдағы №229 орта мектептің 1998 жылғы түлектері, яғни 1981 жылғы ауыл тумалары «Туған жерге тағзым» жобасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым ретінде ескерткіш тақта орнатты. Қабырғасы қызыл кірпіштен қаланған ескерткіштің ашылуында ауданға белгілі меценат, аудандық мәслихат депутаты Қ.Исаханов пен мектеп директоры Жеңіс сөз сөйлеп, түлектерге ризашылығын білдірді. Өз кезегінде түлектер атынан сөз алған Б.Абдреймов пен К.Накипов ауылға деген ыстық ықыласын жеткізді. Мұнан кейін мешіт ауласында ас беріліп, ақсақалдардың батасын алды.
Самат ӘБДІШ.