№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауылды асыраған берен мылтық

Ауылды асыраған берен мылтық


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы руханият әлемінің көкжиегін кеңейтіп, мәдени мұралардың маңыздылығын айқындай түсті. Әрі «Туған жер» бағдарламасы аясында бірқатар жобаларды жүзеге асыру керектігін мәлімдеген болатын. Соның ішінде туған өлкенің өсіп-өркендеуіне қомақты үлесін қосқан қайраткерлердің есімін ұлықтау бүгінгі ұрпақ борышы. Бізде өз кезегінде аудандық тарихи-өлкетану музейінде тұрған берен мылтық жайлы  сөз қозғамақпыз. Берен мылтық – қазақ ұғымында қасиетті құрал ретінде биік бағаланады.  ХІV-XV ғасырда қазақ хандығы мен Ресей патшалығы арасындағы сауда саттық пен дипломатиялық байланыс арқылы пайда болған құрал халық дәстүріне еніп, киелі жеті қазынаның біріне айналды. Халық ауыз әдебиетінде ашаршылық заманда бір ауылды асыраған берен мылтық жайында аңыз-әңгімелер көп. Соның бірі аңшылық пен саятшылықты серік еткен  Ақылбек Смановтың ерлігі жайында Қаратау етегіндегі құтты қоныста құнды деректер қатталыпты.

 Бір кездері Голощекиннің  сұрапыл саясатына төзімділік танытып, ағайын-туыстарын ашаршылық апанынан алып қалған ер жігіттің саятшылығы елдің есінен әлі де шыға қойған жоқ. Қаратау етегіндегі Ақүйік ауылындағы көнекөз қариялардың айтуынша, осы төңіректе ертеректе Ақылбек есімді іске епті, сөзге шешен, әрі қиядағыны көзі шалатын қырағы мерген жігіт өмір сүріпті. Ол жастайынан қақпан құрып, қоян аулап, аңшылықты кәсіп етіпті.
Өздеріңіз білетіндей, Қаратаудағы шатқалдар мен төбелерді киік, арқар, бөкен, марал, таутеке мен қарақұйрық мекен еткен. Түлкі, қоян, қырғауыл және кекілік қансонардың қызығын арттырады. Сондықтан да, бұл мекен ықылым заманнан аң аулауға бейімделген. Әрбір аңның киесін ұққан Ақылбек Сманов аңшылық пен саятшылықтың мезгілін, қай кезде оқ ату керектігін жақсы білген. Аң мен құстың төлдейтін уақытында оларға тиіспей, тек белгілі уақытта саятшылық жасаған. Бала-шаға қамы мен ағайын туыс үшін қақпан құрып, ау салған. Жерлестері Ақылбек ағаның ашаршылықта көрсеткен қамқорлығын ерекше еске алады. Аштықтан жұтаған жұртқа қансонарда бұйырған несібесін бөлісіп, астау-астау ас таратқан. Жары Күлбибі Жаманбаева да қолы ашық, жүрегі кең, жомарт кісі болған деседі. Жолдасының тапқанын ысырап етпей, ырзық-несібені ауылдастарына үлестіріп, елдің алғысын алған. "Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді" дегендей тағдыр тауқыметін тартқан  елдің еңсесін тіктеп, әл жинауға аңшының отбасы арқау болыпты.
Әкесінің ел үшін еткен еңбегін сөз еткен Мейірбек Ақылбек мылтықтың қасиетін айтты.
– Әкемнің көзі кетсе де, артында қалған мұрасы көңіл жұбататын еді. Үлкендер босағада ілулі тұрған қаруға алғысын жаудырып, әкемнің рухына дұға оқитын. Осыдан-ақ, ел үшін қадірлі екенін сезетінмін. Әулет үшін ғана емес, ауыл үшін қасиетті саналатын жәдігерді келер ұрпаққа мәңгілік мұра болып қалсын деген ниетте аудандық тарихи-өлкетану музейіне өткіздік, – дейді аңшының ұрпағы.
Көпшіліктің көкейінде қалған құнды жәдігерді көрмекке аудандық өлкетану музейіне ат басын бұрдық. Музейдің қор сақтаушысы Рахима Әбсаттарова:
– Біз бұл экспонатты Ақылбек ақсақалдың жиені Анарбек Баймұратовтан қабылдап алдық. Бұл қазақ жеріндегі ең көне қаруға жатады. Шамамен XV ғасырдың басында жасалған. Музейге келген меймандардың қызығушылығын оятатындай құрылымы ерекше, – деді.
«Жақсыны көрмекке» деп бізде суық қаруды қолмен ұстап, әр бөлігіне мән бердік.  Қазақ ұсталарының қолдан жасайтын «шамқал» деп аталатын қаруына дәл келеді. Мылтық оқтығының дүмі қалайы, салмағы ауыр, шүріппесі қалайыдан құйылған. Дүмі тері тіліммен төрт жерден шілтеріленген. Жерге тіреп қоятын аяқтары мен дүмінің мұрындығы кесіліп, қолтыққа қысып ұстауға ыңғайландырған. Қарудың өзгеріске ұшырауынан талай адамның қолына тигенін, талай заманның зұлматын өткергенін аңғардық. Бұлда болса, бүгінгідей тоқшылық заманда әрбір күннің қадірін білуге үндейтін қызықты дерек. Сондықтанда бабадан қалған бай мұраны көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманат ету ұрпақ алдындағы борыш.
Мақпал МАРҚАБАЙ.
17 шілде 2018 ж. 2 105 0