№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ИНТЕРНАТТАҒЫ ИГІЛІКТІ ІС

ИНТЕРНАТТАҒЫ ИГІЛІКТІ ІС


Интернатқа тарту. Елу жылдан астам тарихы іргелі білім ордасының бірі – кенттегі №3 мектеп-интернаттың 25 жыл бұрынғы түлектері ерекше сый жасады. Мектеп ауласына сегіз бірдей құрастырмалы темірден жасалған тынығу жайын (беседка) тарту етті. Заманауи үлгіде жасалған темір бұйымның ішінде балалар тынығып қана қоймай, ортасына қойылған орындықта шахмат ойнап, көлеңкеде көңіл сергітуге тамаша мүмкіндік. Бұл 1992-93 жылғы оқу жылында интернатты тәмамдаған 1978 жылғы тумалардың бірлесіп шешкен тартуы. «Ізгі істің басында, жақсы жүрер қасында» демекші, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған «Туған жерге тағзым» жобасы аясында қамал бұзар қырықты алқымдаған Еркін Тоқпанов бастаған белсенді түлектер бар. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырауда Гүлнар Әйтілеуова, Фарида Сапарбаева сынды ұлағатты ұстаздардан тәлім алған интернат тәрбиеленушілерінің тартуы шынында көпке үлгі боларлық іс.
– Президент «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға пәрмен берген болатын. Аталмыш, жоба мақсаты – туып-өскен ортаға барынша жақсылық жасау, туған жерге тағзым ету арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа үндеу. Осы тұста, оқу жылының аяғында интернаттың 1993 жылғы түлектері білім ордасына керемет тарту жасады. Мұны біз білім алған мектебіне, дәріс берген ұстаздарына деген құрметі деп білеміз. Бұл өз кезегінде ізінен ерген өскелең өрендерге үлгі өнеге, – дейді 3 мектеп-интернат директоры Ләззат Нәлібаева.
Иә, осыдан 25 жыл бұрын білім ордасын тәмамдап, түрлі мамандықтың иесі атанған түлектер бүгінде сан салалы қызметті абыройлы атқарып, ұстаз мерейін үстем етуде. Қайда жүрсе де, тәлім-тәрбие берген тәрбиешілерін ұмытпай, ұстаз есімін ұлықтап жатқан мектеп-интернат түлектерінің темір бастырмасын бізде көрдік. Соңғы үлгіде жасалған сәулетті тынығу орын-жайы алыстан менмұндалап тұр. Байқағандай, бірқатар оқушылар темір бұйымнан құрастырылған орын-жайда ауылдан келген ата-аналарымен шүйіркелесіп әңгімелесіп отырса, енді бірінде шәкіреттердің жүзі бал-бұл жайнап, көлеңкеде дойбыны ермек етуде. Міне, осындай мамыражай мамырдың аптап ыстығында ұстаздар мен оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған 1993 жылғы түлектердің тартуы – Рамазан айында жасалған сауапты істің бірі деп білеміз.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
22 мамыр 2018 ж. 1 163 0